КСРО спорт шебері,
КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы,
КСРО халықаралық дәрежедегі төрешісі, «Парасат», «Ұлағатты ұстаз» ордендері және
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдің иегері
Қазақ спортының саңлағы
Спорт – салауатты өмір салты. Бұл – ұлтқа да, жүзге де, тіл мен дінге де бөлмейтін, тек үздіктердің ғана жеңіс тұғырына көтерілетін саланың бірі. Спорт – жеңімпаздың мерейін үстем етіп қана қоймай, әртүрлі ұлт өкілдерін татулыққа, бірлікке, бейбітшілік пен достыққа үндейтін әлемдік деңгейдегі әмбебап құндылық. Ол – еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін теледидар алдына жинап, ауылдың, ауданның, облыстың, тіпті тұтас елдің намысы сынға түсетін үлкен дода. Қай ұлттың спортшысы ел туын көкке желбіретіп, абыройын асқақтатса, сол халық оны үлгі тұтып, құрметке бөлейді. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақ елі де өзгелерден кем түспейді. Әлем көз тіккен Олимпиада төрінде қайсарлық танытып, қазақ деген елдің барын паш еткен боксшыларымызбен, дзюдошыларымызбен және өзге де спорт саңлақтарымен мақтана аламыз. Мұндай жеңісті күндердің артында – анасының ақ сүтімен дарыған қайсарлық, жаттықтырушыларының табанды еңбегі жатыр. Ел мерейін үстем еткен спортшыларды тәрбиелеген жандарға айтар алғысымыз шексіз.
![]()
Осындай спорт саласына ерекше қамқорлық танытып, дзюдомен қатар өзге де спорт түрлерінен өрендеріміз бен тарландарымыздың жетістікке жетуіне үлес қосқан, отандық спорт саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, тағдырын жас ұрпақтың болашағына арнаған, тәртіп пен тәрбиені, табандылық пен талапты шәкірт бойына сіңіре білген даңқты жаттықтырушы, кемел ұйымдастырушы, парасатты басшы – Жүсіпов Есбол Жұмағұлұлы.
Ол 1968 жылы 8 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген. Өмірден ерте озса да, артында өшпес із, мол мұра, елі үшін тер төккен еңбегі қалды. Бүгінде тәлімін көрген шәкірттері ел намысын әлемдік аренада қорғап келеді.
Жалындаған жастықтың жігерін жалынға айналдырып, ұрпақтың үмітін ертеңге жалғаған – жаттықтырушы. Ал нағыз ұстаз – шәкіртінің маңдай терімен емес, маңдайындағы тағдырымен бірге өмір сүре алатын жан. Сондай азаматтың бірі – спорт майданындағы саңлақ, тағылым мектебінің тұғырлы тұлғасы Есбол Жұмағұлұлы.
Ол білім ордасының табалдырығын 1975 жылы туған ауылындағы орта мектепте аттады. Топты жарып шығатын тайбурыл құлын күнінде-ақ төрт ағынды тең алатыны белгілі емес пе?! Мектеп қабырғасында жүргенде бойындағы ерекше қабілетін таныта білген талапты жас 1981 жылы Алматы қаласындағы Республикалық олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернатына ауысады.
![]()
1988 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы университеттің «Дене шынықтыру» факультетіне түсіп, спорт әлеміндегі алғашқы баспалдақтарын сенімді бастайды. Бұл – «алдына ашсаң, арқырай жөнелетін» текті тұлпардай күш-қуаты тасыған жастың үлкен спортқа жасаған батыл қадамы еді. Шабамын деген жігітке ат, жанамын деген жүрекке от берген ұстаздарының арқасында өзі де мықты спортшы, білікті маман болып қалыптасқан Есбол Жұмағұлұлының алғашқы еңбек жолы 1993 жылы Шымкент қаласындағы спорт мектебінде жаттықтырушы болудан басталды.
Жанарынан жалын атқан шәкірттерді дәріптеп, тәрбиелеп, олардың бойындағы бұғып жатқан талант бұлағының көзін аша білген жас маман іскерлігімен, адал еңбегімен, шәкірттерімен етене жұмыс жасап, оларды биікке сүйреп, жеңіс тұғырына жеткізе білді. Осы қажырлы еңбегінің арқасында 1997 жылы «Үздік жаттықтырушы» атағына ие болды.
![]()
Жаттығу залын уақыт өткізу орны емес, таланттардың көзін ашатын ортаға айналдыра білген Есбол Жұмағұлұлы жарқын жетістіктері мен толағай табыстары арқылы басшылықтың көзіне түсіп, іскерлігін дәлелдеп, 1997 жылы Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына бөлім басшысы болып тағайындалды. Басқару ісіндегі білікті ұйымдастырушы ретінде танылып, салаға жаңа серпін алып келген жаңашыл басшы болды.
Басшылық қызметке келген соң да жастарды сапалы жаттықтыруға, намыс туын жықпайтын, елдің намысын қорғайтын, отаншыл, бақ сынға түскен жарыстарда топ жаратын ұландарды дайындау жолында аянып қалмады. Тынбай еткен еңбегінің арқасында оң нәтижелерге де қол жеткізді. Бір жыл ішінде 10 спорт шеберін және Жүсіпова Г., Жүсіпов Б., Арыстанов Н., Өскенбаев Б., Өмірзақов Е. сынды
![]()
бес Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындап шығарды. Сонымен қатар көптеген шәкірттері түрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарып, қазіргі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет атқаруда.
Ел мерейін үстем еткен шәкірттерінің жетістіктеріне көз жүгіртсек:
• Өмірзақов Ерболат – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері.
• Жүсіпов Біржан Жұмағұлұлы – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (ХДСШ), 1998 жылы Венгрияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
• Жүсіпова Гүлмира Жұмағұлқызы – ХДСШ, Польшада өткен Әлем чемпионатының 5-орын жүлдегері.
• Жүсіпов Нұржан Жұмағұлұлы – 1995 жылы Киев қаласында (Украина) өткен жарыста ТМД елдерінің чемпионы.
![]()
• Қасымбеков Айдос – ҚР спорт шебері, 2003 жылы Грекияда өткен жарыста Әлем чемпионы.
• Бухаев Айдос – ҚР спорт шебері, 2004 жылы Қырғызстанда өткен жарыста Азия чемпионы.
• Арыстанов Нұрғали – ХДСШ, Әлем чемпионы, Азия жүлдегері.
• Төлебаев Нұрғали – ҚР спорт шебері, 1997 жылы Қырғызстанда өткен Азия чемпионатының жүлдегері.
• Райсов Мұрат – ҚР спорт шебері, 2004 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 3-орын иеленген.
• Алтынбеков Бауыржан – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2003-2005 жылдары Қазақстан чемпионатының екі дүркін чемпионы.
• Өмірзақов Ерболат – ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2002 жылы Грецияда Әлем чемпионы, 2003 жылы Ташкентте Азия чемпионы.
• Айтбаев Мұрат Омарбекұлы – Спорт шебері, 1996, 1997 жылдары Қазақстан чемпионатының жүлдегері, Мәскеуде (1996) күміс, Самарқанда (1997) қола жүлдегер.
• Қуандық Сұлтан – ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы,
![]()
кикбоксингтен төрешілер алқасының төрағасы.
• Сүлейменов Қасымхан – ҚР спорт шебері, 1994-1998 жылдары бірнеше рет ҚР чемпионаты мен кубогының жеңімпазы.
• Әбдіқадыров Нұржан – ҚР спорт шебері, 1994-1998 жылдары ҚР чемпионаты мен кубогының жеңімпазы.
• Айкөзов Әлихан – ҚР спорт шебері, 1994-1998 жылдары ҚР чемпионаты мен кубогының жеңімпазы.
• Нурбеков Дәлхан – ҚР спорт шебері, ҚР чемпионаты мен кубогының жеңімпазы.
• Әліпбай Нұрымхан – ҚР спорт шебері, 1997-1999 жылдары аралығында ҚР Чемпионаты мен Кубоктарының жеңімпазы мен жүлдегері.
• Тұяқбаев Асқар – ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы.
• Жүсіпов Нұрлан – ҚР спорт шебері, 1998-2002 жылдары ҚР чемпионаты мен республикалық турнирлердің жүлдегері.
• Сиқымбай Олжас – ҚР спорт шеберіне үміткер, 2003-2007 жылдары ҚР чемпионаттарының және ХТ, РТ-дің жеңімпазы және жүлдегері.
![]()
• Мейірбеков Бауыржан – ҚР спорт шебері, 1996-1999 жылдары ҚР чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері.
• Сатыбалдиева Гүлжан – ҚР спорт шебері, 2004-2007 жылдары ҚРЕСП үш дүркін чемпионы, 2005 жылы Грецияда өткен Әлем чемпионатында 4 орын алған.
2000 жылы Ұлттық спорт мектебінің тізгінін ұстаған Есбол Жұмағұлұлы халықтық рухани құндылықтарды ұлықтап, ұлттық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосты. 2001 жылы "Ордабасы" футбол клубының директоры ретінде спортты тек жарыс пен нәтиже ғана емес, рух пен тәртіптің, намыс пен ынтымақтың көрінісі деп қабылдады. Әрбір команда – елдің абыройы, әрбір ойын – халық үміті екенін терең түсініп, клуб директоры қызметін абыроймен атқарып, команданың өрлеуіне жол ашты. Ал 2006 жылдан бастап су спорты мектебінде, 2011 жылдан облыстық №1 спорт мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ретінде еңбек етіп, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге тың серпін берді. Әрдайым білім мен тәрбиені спортпен ұштастырып, шәкірттерінің тұлғалық қалыптасуына бар күш-жігерін арнады.
Өмірін спортқа ғана емес, жас ұрпақтың жан дүниесіне, намысы мен жігеріне арнаған Есбол Жұмағұлұлының есімі – талай бозбаланың шеберлікке жеткен сәтімен, талай шәкірттің жүрегіндегі сенім мен табысқа деген алғашқы
![]()
қадамымен сабақтас. Ол – бапкер ғана емес, жүрекке жігер құятын рух беруші, алаңсыз балалық пен асқақ арманның арасынан жол тапқан тәрбиеші еді.
2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында Республикалық олимпиада резервін дайындайтын мектеп-интернат колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарған Есбол Жұмағұлұлы 2022 жылы наурыздың 6 күні Риддер қаласында мәңгілік мекеніне аттанып кете барды.
Сол сәттен бастап, оның жарқын бейнесі мен спорттағы ерен еңбегі ел есінен кеткен емес. 2022, 2023, 2024 және 2025 жылдары қатарынан бауырлары, шәкірттері мен достарының бастамасымен оның рухына арналған Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Ашық республикалық жарыстар ұйымдастырылып келеді. Бұл – Есболдың спортқа сіңірген еңбегіне деген құрметтің, шәкірттер жүрегінде қалған іздің, бауырлық пен достықтың шынайы көрінісі.
![]()
Уақыт тоқтамайды... Бірақ адам өмірінде кей есімдер бар – жылдар өткен сайын биіктей түсетін, үнсіз кеткенімен, үні жүректе жаңғырып тұратын. Сондай есімдердің бірі – жүрегін спортқа, ғұмырын ұрпаққа арнаған Есбол Жүсіпов қазақ спортының дамуына қосқан үлесі, жас талатанттарды тәрбиелеп жетістіккке қол жеткізгені үшін түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.
Ұлы мақсат пен қарапайым еңбектің, парасатты басшылық пен шынайы тәлімгерліктің үйлесімінен жаралған тұлға, тек спорт шеберлерін емес, тұлға ретінде толыққанды қалыптасқан, рухы биік, тәрбиесі терең, ары таза азаматтарды тәрбиелеуді мұрат тұтқан, әрбір қадамы, әрбір ісі – спорттың ғана емес, өмірдің үлкен мектебі болған Есбол Жұмағұлұлы өте мейірімді, бауырмашыл, барлық қарындас-інілеріне қамқор болған аяулы аға, ата-анасының үкілеген үмітін ақтаған ұл бола білді. Даңқты жаттықтырушы,
![]()
парасатты басшы, қазақ спортының өркендеуіне саналы ғұмырын арнаған жанның отбасы да ел мерейін үстем етіп жүрген спортшылар.
Жүсіпов Мыңбол Жұмағұлұлы – кикбокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Жүсіпов Қосбол Жұмағұлұлы – 1961 жылы туылған. СССР-дің Спорт шебері.
Жүсіпов Есбол Жұмағұлұлы – кикбокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (ҚРЕССШ) және еңбек сіңірген жаттықтырушысы (ҚРЕСЖ).
Жүсіпова Гүлмира Жұмағұлқызы – кикбокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Жүсіпов Біржан Жұмағұлұлы – кикбокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
![]()
Жүсіпов Нұржан Жұмағұлұлы – кикбокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Інісі Жүсіпов Нұрғазы Бекболұлы – бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері,
2009, 2012 және 2013 жылдардағы ҚР чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Спартакиаданың жеңімпазы. Қазіргі таңда қара шаңырақ иесі әрі облыстық спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы болып қызмет атқарады.
Жүсіпов Қосбол Мыңболұлы – 1989 жылы туылған. Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер. Кәсіпқой бокста ел ішіндегі және халықаралық турнирлерде 2012-2015 жылдар аралығында бірнеше мәрте жеңімпаз болған. Өкінішке орай, 2019 жылы небәрі 30 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Артында екі қызы қалды. Қосбол – бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Б.Саттарханов атындағы спорт интернатының мақтаныш түлектерінің бірі еді.
![]()
Жалғыз орта буын өкілдері ғана емес, тұтас отбасы, әулетімен спорт саласында еңбек етіп, ел абыройын асқақтатып келе жатқан жанұя.
Есболдың нағашы ағасы және досы Ниязалиев Роман Асхарұлы Каратэ спортнан ҚР-ның ХДСШ ҚР-ның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы (1990-1992ж), Ушу Сяндодан ҚРСШ Азия чемпионы, ҚР-ның чемпионы (1991-1992ж), Пауэрлифтингтен ҚР-ның ХДСШ Азия чемпионы (2020 ж Бішкек қ), Әлем чемпионы (2022 ж Мәскеу қ). Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Құт Арыс ауылындағы жастар спортын қолдау Өзен қорының басшысы.
Жүсіп Абылай Бекболұлы – бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2010 жылы Қарағанды қаласында өткен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері.
Жиендері: Тұрлыбекова Әсел Төрегелдіқызы – футболдан Қазақстан Республикасының спорт шебері, ҚР құрама қыздар командасының мүшесі, үздік шабуылшы, «Биік» (Шымкент) футбол клубының ойыншысы, бес дүркін үздік ойыншы. 2023 жылдан бастап Қазақстан қыздар құрамасының сапында Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (UEFA)
![]()
Чемпиондар лигасы қатысушысы. Шакизада Бақдәулет Ержанұлы – ескек есуден Қазақстан Республикасының спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері. Ұлы – Жүсіп Есенгелді Есболұлы – ескек есуден Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, Қазақстан Республикасының үш дүркін жеңімпазы.
Немересі – Жұмағұл Дулат Есенгелдіұлы – дзюдодан Түркістан облысының жеңімпазы.
Немере қызы – Есбол Дана Есенгелдіқызы – биден көптеген облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері.
Жиені – Имашев Амангелді Болысбекұлы – ескек есуден Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, үш дүркін Қазақстан чемпионы.
Спорт саласында еңбек етіп жүрген туыстары аз емес. Жиендері, қарындастары, бауырларының барлығы да ел спортының дамуына өз үлесін қосып келеді.
Қарындасы Жүсіпова Меруерт Қосболқызы – Алматы қаласындағы спорт мектебінде әдіскер қызметін атқарады. Тағы бір қарындасы Жүсіпова Маржан Қосболқызы – Шымкент қалалық Ұлттық спорт мектебінде әдіскер.
![]()
Інісі Жүсіпов Біржан Жұмағұлұлы – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (ХДСШ), Шымкент қаласының №1 спорт мектебінде кикбокстан аға жаттықтырушы, сондай-ақ Шымкент қаласының кіші жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы.
Інісі Жүсіпов Нұржан Жұмағұлұлы – ҚР спорт шебері, 1995 жылғы ТМД чемпионы. Ол Шымкент қаласындағы VI шақырылым мәслихатының депутаты болған. 2007-2023 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының жекпе-жек түрлерінен олимпиадалық резервтің кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары лауазымында қызмет еткен. Қазіргі таңда «Шымкент қаласының спорт ғимараттары дирекциясы» МКҚК директорының орынбасары қызметінде.
Келіні Шалқарова Шолпан – Шымкент қаласының №14 Ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер.
![]()
Жиені – Зайдаева Рабиға Шакизадақызы – Шымкент қаласының №15 спорт мектебінде әдіскер қызметін атқарады.
Істеген ісінен нәтиже шығармай қоймайтын Жүсіпов Есбол Жұмағұлұлы – адалдығының, спортқа деген шынайы сүйіспеншілігінің және елге деген жанашыр қызметінің арқасында биік белестерді бағындырған тұлға. Ол – КСРО-ның спорт шебері, КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО халықаралық дәрежедегі төрешісі.
1991 жылы Париж қаласында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, Новокузнецк қаласындағы жарыста КСРО чемпионы, Владикавказда өткен додада КСРО кубогының иегері болды. 1992 жылы Мәскеуде кәсіпқойлар арасында өткен сайыста КСРО және Еуразия чемпионы атанып, еліміздің намысын абыроймен қорғады. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионаты мен кубогінің екі дүркін жеңімпазы, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медаль, «Парасат» ордені, 2022 жылы «Ұлағатты ұстаз» ордені иегері атанды. Алайда Есбол Жұмағұлұлының өмірінде қайғы да аз болған жоқ. Ол екі бірдей ағасынан айырылып, 1992
![]()
жылы жары Нұрбағиланы егіз сәбиге өмір сыйлау кезінде, бала үстінде жоғалтып алды. Ол кезде үйінде небәрі екі жастағы қызы болатын. Жаңа туған сәбилермен оңай болмағанымен, бауырларының қолдауы арқасында бұл ауыр сынақтан да сүрінбей өтті.
Спортты жан-тәнімен сүйетін, өз ісіне өте жауапкершілікпен қарайтын ол – талай жасқа жол көрсеткен білікті бапкер, сенімді басшы, қоғам алдында беделі зор қайраткерге айналды. Оның жетекшілігімен жұмыс істеген әр мекеме, баптап шығарған әр шәкірт – бүгінгі қазақ спортының алға жылжуына өз үлесін қосып келеді.
Жан жары Кокашева Айгүл Рысбекқызы да спорт саласында еңбек етуде. Ол Шымкент қаласындағы Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде әдіскер қызметін абыроймен атқарып келеді. Кенже ұлы Мардан да әкесінің жолын қуып, футбол спортын таңдады. Ал ортаншы ұлы Жұмағұл Айбол Есболұлы Ақтау қаласында SCAT әуе компаниясында борт ұшқышы болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда Есбол Жұмағұлұлының артында қалған үш ұл, екі қызы, он немересі бар.
![]()
Барлығы – оқыған, отбасылы, өз алдына бір-бір шаңырақ иелері.
«Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың қазақ өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуына үлесімді қосудан аянбаймын», – деп ұстаным еткен Есбол Жұмағұлұлы жас ұрпақты шымырлыққа, әділдікке, талапшыл болуға тәрбиелей білді. Қазақ қоғамына, өркендеп келе жатқан ұлттық спортқа аса қажет, ірі тұлға, айбарлы азамат, дарынды жаттықтырушы Есбол Жұмағұлұлының жаны жәннатта, иманы жолдас болғай деп дұға етеміз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()