Мағызов Таупих Мағызұлы

Рейтинг:

Өмірін спортқа арнаған жан

      Қоғамда сан түрлі мамандық иесі бар. Олардың қай - қайсысын алсақ та өз саласының нағыз білгірі болғысы келеді-ақ. Бірақ, ісіне нағыз берілген жандар ғана өзгелерден көш ілгері тұрады. Өмірдің заңдылығы сондай. Бір білетініміз жұмыссыздық адамға жат нәрсе. Себебі, біте қайнасқан қоғам тіршілігі бір-бірімен тығыз байланыста. Тартылыс күші секілді. Осы орайда балалардың білімді болып өсуіне ұстаздың ықпалын ерекше атап өтпеске болмайды. Мағызов Таупих Мағызұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Жастық шағында бокстан спорт шеберіне үміткер, самбодан спорт шебері атанса, қамал алар жаста марафондарда жеткен жетістіктер бір төбе.  Балалық шағынан бастап спортқа ден қойған азаматтың болмысы бөлек, өмірлік ұстанымы биік. Ол – қалалық білім бөлімінде қызмет етуде. Қоғамдық жұмыстарға белсене аралысып жүр. 1962 жылы дүниеге келген азамат қазірде сала үздігі десе де болады. Себебі, ол – қалалық деңгейде өтетін спорттық жарыстарға жауапты, мұнымен қоса спорт мектептерінің материалдық керек-жарақтарын да әкімдікке айтып, орнын толықтырып отырады. Өзінің қазіргі жасына қарамастан бабында. Сондағысы бірнеше шақырымды еңсеруге қауқары жетеді. Ардагер маманның бүгінге дейін жетістіктері бір төбе.
      Ол – жастық шағынан бастап өмірін спортқа арнаған. Нәтижесі, жеткен жетістігі де бір төбе.   Мағызов Таупих Мағызұлы бокстан КСРО-ның спорт шеберіне үміткер дәрежесін алған. Облыстың бірнеше дүркін жеңімпазы, Кеңестік республиканың құрамында талай рет жүлдегерлер қатарынан көрінген. Әрине, бұл Мағызов Таупих Мағызұлының спорттық мансабында тыңнан түрен салып, жарыстарға шыққан сол – 1976-1980 жылдардың кезі болатын. Спорт саңлағы бокстан алыстағаннан кейін бабын ережесіз жекпе - жекте де байқаған. Кейін, 1985 жылы тұңғыш рет Петропавл қаласында өткен халықаралық деңгейдегі марафонға қатысқан. Артынша бірер жылдың ішінде Италияда өткен марафонда атой салған. Мұнымен тоқтамай 1996 жылы биік нүктелерде жүгіруден Ұлыбританияның Леонберс қаласында өткен Еуропа біріншілігінде Уэльстің биігіне көтеріліп түсуден марафонға қатысқан.  Сондай-ақ, Финляндия Турку қаласында өткен халықаралық марофонға да ат басын тіреген. Бұдан бөлек Чехия және Испанияда өткен марафондарда ел намысын қорғаған. Міне, өмірін спортқа арнаған жанның өзіне деген сенімі, өмірге деген құштарлығы, жеңіске деген жігері биікке жетеледі. Әлемнің түкпір - түкпіріне барып, өз мүмкіндігін құр жібермеді. Мағызов Таупих Мағызұлы қазіргі уақытта ауыр атлетикадан құрылған бірлестіктің Атырау облысы бойынша төрағасы.. 1996 жылдан бастап, Отан – партия мүшесі. Халыкаралык дәрежедегі спорт шебері. Әлем,Европа чемпионатына ,бірнеше әлем халыкаралык жарыстарга катысты. «Күміс кубогі»,   «Алтын трофей» иегері.
      Бүгінде сала ардагері отбасы тәрбиесіне ден қойған. Спортшының өмірдегі ең үлкен жетістігі осы – отбасы десек артық айтқанымыз емес. Жары – Гүлнара Каримова екеуі бала тәрбиесіне де үлкен мән берген. Гүлнар Каримқызы облыстық балалар ауруханасының мейірбикесі. Қазірде үлкен ұлы – Ерболат  пен кенже ұлы – Рүстем жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Ал, ортаншы ұлы – Жақсылық кеденде жұмыс істейді. Үшеуі де өмірде өз орнын тапқан. Ерболаттың жары –Айжан, Жақсылықтың жары – Жанаргүл, Рүстемнің жары – Айгерім. Мәпелеп өсірген перзенттері өз шаңырақтарын құрып, бай-қуатты, берекелі өмір кешуде. Шаңырақтың шырақшылары бүгінде үш ұлынан 6 немере сүйіп отыр. Олар: Алия, Амина, Аймира, Амир,Али,   Айдар. Алдағы уақытта Мағызов Таупих Мағызұлының шаңырағынан үлкен спортшылар шығады деген сенімдеміз. Сала маманына шәкірт тәрбиелеуде сәттілік серік болғай.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....
30 марта 2025 19:53
Людмила.
Наши самые дорогие, родные!!! БАХЫТЖАН Рахимжановичь здоровья вам и вашей большой семье! Горжусь, что с вами работала,...
25 марта 2025 23:30
Гульнар
Бүгінгі күні Серікбек пен Гульмира білімділігі мен біліктілігінің арқасында көптеген адамдардың алғысына бөлініп...