Сакиев Абай

Рейтинг:

Салауаттылық саулық негізі

      Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. Сондай игі істердің басында жүріп, көптің көңілінен шығып, ел қалаулысы бола білудің өзі өзіндік бір өмір жолындағы ұлы жеңіс демекпіз. 
      Ұлағатты ұстаз, білікті, өмірінде тәлім-тәрбие беретін тәжірибе жинап, жинақтап, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндей біліп, түйгенін ой елегінен өткізіп, таразының екі басына салып саралай, қорытындылай біліп жүрген Сакиев Абай Рамазанұлы жайлы сөз басын қозғасақ дейміз. Абай Рамазанұлы 1960 жылғы 28 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы (бұдан әрі – ОҚО), Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Қарасай ауылында дүниеге келген.      1968 - 1978 жылдар аралығында Шардара қаласындағы «Қ.Аманжолов» орта мектебінде орта білім алып, 1978-1981 жылдар аралығында Ташкенттегі Топография техникумында оқып бітіреді. Еңбек жолын 1982 жылы Шардара ауданында ЖМК 68-де мастерлік қызметінен бастады.
      1983 жылы КСМ-ге құрылыс учаскесіне ауысып, 1983 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне волейболдан жаттықтырушы болып қызметіне қабылданады.
      1983 -1988 жылы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, бітіріп шығып, 1983-1985 жыл аралығында Шардара аудандық «Қайрат» ерікті спорт қоғамында төраға қызметін атқарды. 1984 жылы Павлодар қаласында өткен 26 КСРО халықтарының Спартакиадасына қатысып, көптің көкейінде есімі қалды. 1983-2010 жылдар аралығында ауданның құрама командасының құрамында ойнады.
      «Жігітке жеті өнер де аз»,- дегендей Абай Рамазанұлы Түркістанда өтетін О.Жарылқаповтың турнирінің 1983 -1993 жылдар аралығында бірнеше дүркін чемпиондары Шардара ауданының командасы сапында ойнағандығы әлі күнге жарқын естелікпен еске алады.
      Кейіпкер ұстазымыздың өмір жолында ерекше орын алған елеулі жылдар 1984 -1985 жылдар аралығында М.Горький орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, 1985 -1994 жылдар аралығында Шардара орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегендігі. 1985 -1987 жылдар аралығында ОҚО құрама командасында ойнап, 1994-1996 жылдар аралығында Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқара білді. 1996 - 2001 жылдар аралығында Қ.Аманжолов атындағы орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, жас ұрпақтың жандануына өз үлесін қоса білді.
      Абай Рамазанұлы 2001 жылдан қазіргі таңға дейін Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директорлық қызмет атқарып келеді. Мектеп басшысы ретінде Абай Рамазанұлы үнемі ұстаздарына «Ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің бізге артқан міндеті екенін айтып, ұдайы ескертіп отырады.
      Кейіпкеріміздің спорттық жолы 1976 - 1978 жылдары ОҚО, Шардара ауданының футбол құрама командасынан басталып, 1978 - 1980 жылы Ташкенттегі топография техникумында оқып жүріп, волейбол тобына қатысып, техникумның құрама командасында ойнағандығынан жандана түсті. Техникумды бітіріп келгеннен кейін, 1982 - 1990 жылдар аралығында Шардара құрама командасында және ОҚО командасының сапында ойнағандығы да қазіргі таңда өзінше бір тарих.
      1985 - 1986 жылдары Павлодар қаласында волейболдан өткен ХХVI КСРО халықтарының спартакиадасына ОҚО құрама командасы атынан қатысқандығы, 2010 жылы волейболдан 50 жастан асқан ардагерлер командасының сапында халықаралық турнирге қатысқандығының өзі Абай мырзаның өмірдегі ерекше бір елеулі оқиға іспеттес. Кейіпкеріміз сол жылы Алматыда өткен «Д. А. Қонаевтың 100 жылдық» мерей тойына арналған халықаралық турниріне ОҚО атынан ойнап, 2012 жылы Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің ректоры «Т.И.Есболовтың 60 жасқа» толу мерей тойына арналған волейболдан 55 жастан асқан ардагерлер арасындағы халықаралық турнирге «Оңтүстік Қазақстан облысы су арна» командасының сапында қатысып, жүлделі ІІ – орынды иемгендігі өзінше бір мәртебе.
      Қиында, қызықты мамандықтың майталманы болып, еңбектің еленуі де ұстаз мерейінің үлкен белесі. Осындай белестердің бағындырып, білім мен білікті ұштастыра білген Абай мырзаның жеткен жетістіктеріне тоқталып өтсек: 
      - Абай Рамазанұлын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Құрмет Грамотасымен» ОҚО әкімі А. Мырзахметов марапаттайды, 2018 жылы Шардара қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Шардара қаласына 50 жыл» мерекелік медалі мен Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібековтің марапатының иегері атанса, 2019 жылы №36 куәлік «Спорт ардагері» төсбелгісімен марапатталды, «Спорт жұлдыздары» журналы редакциясы шешімімен, «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми - әдістемелік патриоттық журналының бас редакторы; М. Таскалиев марапатының иегері атанып үлгерді, сонымен қатар, 2019 жылы куәлік № 1 – 238 Шардара қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Шардара қаласына 55 жыл» мерекелік төсбелгісімен аудан әкімі Қ. Жолдыбайұлы марапатымен мадақталды.
      Абай Рамазанұлы білікті басшы, ұстаз ғана емес, отбасында үлгілі әке, сүйікті жар, ағайын - туыс арасында беделді, абыройлы ер - азамат. Абай мырзаның жары Сазмаханбетова Қарлыға Бейсекешқызы. Талантты тұлғаның 1985 жылы дүниеге келген тұңғышы Сакиева Лазат Абайқызы, 1987 жылы дүниеге келген екінші қызы Сакиева Гүлшат Абайқызы, 1989 жылы Сакиев Ербол Абайұлы, 1991 жылы Сакиев Ерғазы Абайұлы, 1994 жылы дүниеге келген сүт кенжесі Рамазанова Перизат Абайқызы бар. Қазіргі таңда Абай ағамыз бен Қарлыға жеңгеміз 15 немеренің қызығын көріп, бақытты ата-әжесі атанып отырған жайы бар.
      Иә, «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады»,- демекші білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан ол кісінің өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.
      Дені саудың - жаны сау. Қазақ халқы қашанда өз əдеп - ғұрыптарында дені сау ұрпақ өсіруді мақсат тұтқан. Бала өмірге келісімен дені сау болып өсуі үшін барлық жағдайды жасаған. Мысалы, бесікке бөлеуден бастап кез келген салт -дəстүрді қарасаң да, баланың дені сау, жақсы азамат болып өсуі үшін барлық жағдайды жасағаны көрінеді. Бес жасынан атқа отырғызып, қозы-лақты бағуға ересектермен шыққан бала дала тəрбиесінің бəрін ата- анасынан, ағаларынан алады, батылдықты, ептілікті бойына сіңіреді. Күнделікті үй шаруасында көмектесе жүріп шыдамдылыққа тəрбиеленеді. Қалада өмір сүретін балаларға ұқсап спорт мектептерінде арнайы дайындалмаса да ауылда өскен балалардың арасында спорт шеберлерінің көптеп шығуы осыған дəлел. Абай Рамазанұлының өмір жолына көз жіберсек орта мектеп, арнайы-орта орнын тəмамдаған. Өз мамандығы бойынша бірнеше жерде қызметтер атқарған. Ол бастағы бойындағы табиғи дарыны, спортқа деген сүйіспеншілігі оның өмірдегі өз жолын табуына адастырмай алып келген. Қазіргі кезде салауаттылықты өмір салты деп ұстау əрбір азаматтың парызы. Міне, қазақи тəрбиенің, тума таланттың, өзін-өзі тəрбиелеудің нəтижесі.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....
30 марта 2025 19:53
Людмила.
Наши самые дорогие, родные!!! БАХЫТЖАН Рахимжановичь здоровья вам и вашей большой семье! Горжусь, что с вами работала,...
25 марта 2025 23:30
Гульнар
Бүгінгі күні Серікбек пен Гульмира білімділігі мен біліктілігінің арқасында көптеген адамдардың алғысына бөлініп...