Спорттың сайыпқыраны
![]()
Спорт саласы адамзат өмірінде өте маңызды және көрнекті мәнге ие. Әр адам өз өмірінде дене шынықтыру мен спорттың мәнін өз бетінше талдап, бағалай алады. Спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға әрбір баланы кішкентай күнінен-ақ дағдыландыру маңызды. Адамдардың өмір сүруіне оң әсер етіп, ойлау мен күйзеліске, төзімділікке ықпал ететін спорттың сан түрі адамзат баласын талай биік шыңдарға да жетелеп келеді.
Кокуспеков Бақыт Жакетұлы 1955 жылы сәуірдің 5 күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1973 жылы Талдықорған облысы, Гвардия ауданы, А.Иманов атындағы орта мектепті ойдағыдай жақсыға аяқтады. Мектеп кезінен бастап, оқуымен бірге спортты қатар алып жүрген ол ұстаздарының мақтаулы шәкірті болды. Мектепті бітіргеннен кейін 1975 жылдың қарашасына дейін Шымкент қаласында Кеңес әскерінің қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеді. 1975 жылдың желтоқсан айынан 1981 жылдың маусым айына дейін Алматы қаласында құрылыста қатардағы
![]()
жұмысшы болып еңбек етті.
Өзінің арманы жолында Қазақ дене тәрбиесі институтын (ИФК) 1988 жылы 25 сәуірде сырттай аяқтап шықты. Бақыт Жакетұлының білімі жоғары. Ол 1981 жылдың 31 тамызынан 1996 жылға дейін Кербұлақ аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «самбо» күресінің жаттықтырушы-оқытушысы болды. 1996 жылдың 1 қыркүйегінде БЖСМ-нің жабылуына байланысты Т.Құлыбеков атындағы оқу-тәрбие кешенінде «самбо» күресінің жаттықтырушы-оқытушысы қызметін атқарды. 1999 жылдың 1 қыркүйегінен Ж.Жапаров атындағы орта мектепте «самбо» күресінің үйірме жетекшісі болды. 2000 жылдың 1 қыркүйегінен Райымбек атындағы орта мектепте «самбо» күресінің үйірме жетекшісі, ал 2001 жылы 3 қаңтардан №49 орта мектебінде «самбо» күресінің үйірме жетекшісі болды. Марапат деген еңбегінің өтеуі болса, табиғат берген кісілік, адамгершілік қасиет өмірінің өлшемі, мәні мен сәні. Бұл жағынан да кейіпкеріміз еш ұялмайды. Талай жасты мамандыққа тәрбиелеумен бірге, олардың ойы мен санасына қайырымдылық қасиеттерді сіңірді. Білімді азаматтың жылдар бойғы маңдай тері лайықты бағасын алып, 1991 жылы Қазақ ССР-нің халыққа білім беру министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1991 жылы Қазақ ССР Жастар істері, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік комитетінің грамотасын, 1992 жылы Республикалық дене тәрбиесі және спорт басқармасының дипломын алды. 1993 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегері атанды. 1994 жылы облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасын, 1995 жылы облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасын иеленді. 1996 жылы Қазақстан
![]()
Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды. 1996 жылы «Самбо» федерациясынан берілген Халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді. 1996 жылы ҚР білім министрлігінің «Құрмет» грамотасының иегері, 1996 жылы Талдықорған облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 2001 жылы Алматы облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының дипломын алды. 2001 жылы Алматы облысының спорт және дене тәрбиесі басқармасының грамотасына ие болды. Сол жылы Алматы облысының әкімі Алматы облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының грамотасын, 2007 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы әкімінің Алғыс хатын, 2009 жылы «Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленді. 2013 жылы Кербұлақ аудан әкімінің Грамотасымен марапатталды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі де болды. 2015 жылы «Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет» белгісін иеленді. «ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ» Респубкалық қоғамдық бірлестігінің Дзюдоның дамуына үлес қосқаны үшін II дәрежелі «Дзюдо тарланы» төсбелгісімен марапатталды. 2019 жылы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ЖАУЫНГЕРЛІК САМБО ФЕДЕРАЦИЯСЫ» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Құрметті спорт ардагері» медалімен марапатталды.
![]()
1996 жылдың күзінде жабылған Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Алматы облысы әкімінің 2006 жылғы 3-маусымдағы №157 қаулысымен қайта ашылды. Бақыт Жакетұлы 2006 жылдың 1 шілдесінен «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін абыроймен атқарып, елдің алғысын арқалап, спортқа жақын жандардың бағын ашып келеді. Бақыт Жакетұлының шәкірттері де сайдың тасындай іріктелген кіл мықтылар. 1986 жылы Республикалық мектеп оқушыларының спартакиадасында «самбо» күресінен Үсенбеков Болат Қалияқпарұлы 48 кг және Қалиев Бәзілжан Жақанұлы 60 кг салмақта қола жүлдегері атанды. Екеуі де Спорт шеберлігіне үміткер.
1988 жылы Таймолданов Төкеш Асылбекұлы «самбо» күресінен 74 кг салмақта жасөспірім ұлдар арасында Республика чемпионы атанды. Спорт шеберлігіне үміткер.
Нұрбеков Жұмажан Молдақапасұлы 1972 жылы дүниеге келген. КСРО спорт шебері. «Самбо» күресінен 52 кг салмақ дәрежесінде 1990 жылы Қазақ ССР-ның жастар арасындағы Біріншіліктің жеңімпазы. Жетпісбаев Берік Сәрсенбекұлы 1976 жылы дүниеге
![]()
келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. 1992 жылы Республикалық мектеп оқушылары спартакиадасында «самбо» және «дзюдо» күресінен 45 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
1994 жылы «самбо» күресінен 52 кг салмақ дәрежесінде ҚР жасөспірім ұлдар арасында чемпион атанды. 1994 жылы 52 кг салмақ дәрежесінде Югославия, Новисад қаласында Әлем чемпионатының жасөспірім ұлдар арасында күміс жүлдегері болды. 1995 жылы Мәскеуде ерлер арасында А.Харлампиев атындағы Халықаралық жарыстың 57 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері. 1995 жылы Қырғызстан, Бішкек қаласында ерлер арасында 57 кг салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 1995 жылы Болгария, София қаласында жастар арасында 57 кг салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының Алтын медалін жеңіп алды. 1996 жылы Жапонияның Токио қаласында ерлер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері. 1996-1997 жылдары Ресей, Красноярск қаласы және Монголияның Уланбатор қаласында ерлер арасында Азия чемпионаттарының екі дүркін чемпионы. «Самбо» күресінен ҚР ерлер арасында бірнеше дүркін чемпионы.
Қашағанов Мейіржан Сейсеханұлы 1977 жылы дүниеге келген.
![]()
«Самбо» күресінен ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. 1994 жылы «самбо» күресінен 48 кг салмақ дәрежесінде ҚР жасөспірім ұлдар арасында чемпион атанды. 48 кг салмақ дәрежесінде 1994 жылы Югославия, Новисад қаласында Әлем чемпионатының жасөспірім ұлдар арасында қола жүлдегері. 1995 жылы Болгария, София қаласында жастар арасында 48 кг салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының қола жүлдегері. 1994-1996 жылдары жастар арасындағы Азия чемпионаттарының үш дүркін чемпионы. «Самбо» күресінен ҚР жастар арасында бірнеше дүркін чемпионы. Үсенбеков Мұрат Қалиақпарұлы 1972 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері. Ерлер арасында 57 кг салмақ дәрежесінде Қ.Мейрамбаев атындағы Республикалық турнирдің чемпионы.
Ерназаров Мәлік Сағынайұлы 1977 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері. Қазақстан Республикасының жастар арасында 52 кг салмақ дәрежесінде чемпионы.
Досалбаев Ермек Сарқытбайұлы 1979 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. 2008 және 2010 жылдары ҚР ерлер арасында екі дүркін жеңімпазы. Әлем кубогінің қола жүлдегері.
Мұқанов Азамат Айдынұлы 1987 жылы дүниеге келген. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. 2010 жылы «самбо» күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы. 2013 жылы «дзюдо» күресінен Рио-Де-Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Рамазанов Ғалым Тәңірбергенұлы 1978 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері.
Жакетов Алпамыс Бақытұлы 1979 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері.
Қалықов Асқар Абдақұлұлы 1984 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері.
Байсейітов Нұржан Еркінұлы 1984 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері.
Түменбаев Қуатбек Қанапияұлы 1982 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері. Ерлер арасында 52 кг салмақ дәрежесінде Қ.Мейрамбаев атындағы Республикалық турнирдің чемпионы.
![]()
Серіков Айдар Құманұлы 1984 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері. Ерлер арасында 82 кг салмақ дәрежесінде Т.Көмекбаев атындағы Халықаралық турнирдің чемпионы.
Байсейітов Нұржан 1984 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері.
Айтбаев Тимур Дәулеткелдіұлы 1990 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері. 2006 жылы Тараз қаласында өткен «дзюдо» күресінен жасөспірім ұлдар арасында 50 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегері. 2006 жылы Павлодар қаласында колледж және мектеп оқушыларының жазғы спартакиадасында 50 кг салмақта «Алтын» медалін жеңіп алды. 2008 жылдың желтоқсан айында Талдықорған қаласында «самбо» күресінен 57 кг салмақ дәрежесінде 23 жасқа дейінгі ерлер арасында ҚР чемпионы болды. ҚР 23 жасқа дейінгі чемпионатының 2008-2010-2011 жылдардағы жеңімпазы. «Самбо» және «дзюдо» күресінен Алматы облысының бірнеше дүркін чемпионы.
Маукенов Дарын Болатұлы 48 кг салмақ дәрежесінде Степногорск қаласы 1991-1992 жылдары жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Республика чемпионатының күміс жүлдегері.
![]()
Жакет Анар Бақытқызы 1993 жылы дүниеге келген. Ол 42 кг салмақ дәрежесінде Степногорск қаласы 1991-1992 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Республика чемпионатында «Алтын» медалін жеңіп алды. 2007 жылы Белорусия Брест қаласында, «самбо» күресінен 42 кг салмақ дәрежесінде I Еуразия ойындарының күміс жүлдегері. 2008 жылы қазан айының 5-8 күндері Ташкент қаласы 1990-1991 жылы туылған қыздар арасында 44 кг салмақта қола жүлдегері. «Самбо» күресінен 1990-1991 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында 44 кг салмақ дәрежесінде ҚР чемпионатының күміс жүлдегері. Республикалық дзюдо күресінен 44 кг салмақта Республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Қызайбай Ақтөре Досымханұлы 1993 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері. «Самбо» күресінен 62 кг салмақ дәрежесінде 2012 жылы Талдықорған қаласында өткен ҚР 23 жасқа дейінгі чемпионатының жеңімпазы.
Базарбеков Жандос 1995 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері. 2013 жылы 6-8 желтоқсан Талдықорған қаласы, 23 жасқа дейін ҚР чемпионатының жеңімпазы.
Санатбаев Айбол Есболұлы 1994 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері. 2014 жылы Талдықорған қаласында өткен 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатының жеңімпазы. Қызайбек Саят 1994 жылы дүниеге келген. ҚР спорт шебері. 2014 жылы Талдықорған қаласында өткен 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатының жеңімпазы.
Төребай Айнұр 2001 жылы дүниеге келген. Самбо күресінен спорт шебері. 2022 жылы ҚР самбо күресінен әйелдер арасында 54 кг салмақта күміс жүлдегері. 2023 жылы жағажай самбо спортынан 59 кг салмақта ҚР жеңімпазы.
Жарбулова Айдана 2003 жылы дүниеге келген. Самбо күресінен спорт шебері. 2022-2023 жылдары самбо күресінен ҚР бойжеткендер арасындағы 59 кг салмақта жеңімпаз. 2022-2023 жылдары 59 кг салмақта самбо күресінен Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері. 2022-2023 жылдары 59 кг салмақта бойжеткендер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Батырханова Диана 2022 жылы дзюдо күресінен жасөспірім қыздар арасында 44 кг салмақта ҚР чемпионы.
Құрышбаева Дилдаш Нариханқызы 1993 жылы дүниеге келген. 2013 жылы ҚР чемпионаты жастар арасында 1 орын, ҚР чемпионаты әйелдер арасында 1 орын, Азия чемпионаты әйелдер арасында 1 орын, әлем чемпионаты жастар арасында 3 орын (Греция, Солоники), әлем чемпионаты әйелдер арасында 3 орын (Ресей, Санк Петербург), Бүкіләлемдік жаздық универсиада ойындарынан 3 орын ( Ресей, Казань), 2014 жылы ҚР чемпионаты Әйелдер арасында 2 орын, Азия чемпионатынан 1 орын (Корея), 2015 жылы ҚР чемпионатынан 1 орын, Азия чемпионатынан 1 орын, Әлем чемпионатынан 3 орын (Морокка, Касабланка), World Cup A.Kharlampiev Memorial 3 орын (Мәскеу, Ресей), 2016 жылы ҚР-ның чемпионатынан 1 орын, Әлем чемпионатынан 3 орын (Болгария, София), World Cup AKharlampiev Memorial 2 орын (Ресей, Москва), 2017 жылы ҚР-ның чемпионатынан 1 орын (Ақтөбе), Жабық кешендегі Азия ойындарынан 1 орын
(Түркіменстан, Ашхабад), World Cup for Prizes of the President of the RK 2 орын (Астана), 2018 жылы ҚР-ның чемпионатынан 1 орын, Азия чемпионатынан 3 орын (Монголия), 8-ші жазғы Азия ойындарында 68 кг салмақта 1 орын (Индонезия, Джакарта қаласы), 2019 жылы ҚР-ның Чемпионатынан 3 орын, Азия чемпионатынан 1 орын (Дели), Халықаралық турнир Назарбаев жүлдесі 2 орын, Әлем чемпионатынан 2 орын ( Корея), 2020 жылы ҚР-ның чемпионатынан 1 орын, 2021 жылы ҚР-ның чемпионатынан 1 орын, Азия чемпионатынан 1 орын, Халықаралық турнир Бурдикова 3 орын ( Кстова), Супер Кубок Мира Харлампиева 1 орын ( Москва), Әлем чемпионатында 2 орын (Ташкент), 2022 жылы ҚР чемпионатынан 1 орын, Азия чемпионатынан 1 орын (Джуния), Азия кубогы 1 орын, Әлем чемпионатынан 3 орын (Бішкек) иегері. Жалпы самбо күресінен Азия чемпионатының 8 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының 7 дүркін жүлдегері, 3 дүркін қүміс, 4 дүркін қола жүлдегері.
Бақыт Жакетұлының 1981 жылдан бастап «Самбо», «Дзюдо» күресінен тәрбиелеген төл шәкірттері аудандық, облыстық, Республикалық, Азия, Универсиада, Әлем чемпионаттарында Қазақстан Республикасының туын желбіретіп, нәтижесінде 1 КСРО спорт шеберін, 25 ҚР спорт шеберін, 1 ҚР еңбек сіңірген спорт шеберін, 3 ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындады. 4 шәкірті ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысын шығарды. Жалпы шәкірттері 21 рет әлемдік аренада ҚР әнұранын орындатып, 42 рет көк туымызды желбіретті.
Кейіпкеріміздің шәкірттері ауылдан тікелей әлемдік аренаға қарай ұмтылып, мақсаттарына жетуде. Бақыт ағай бірінші және жеке жаттықтырушы ретінде халыққа танылып, еліміздің атын шығарып, спорттағы биіктерден көрінетін шәкірттерді дайындауда әлі де аянбай еңбек етуде. Нәтижесі де көз сүйсініп, көңіл қуанарлықтай. Білікті де білгір, рухты жаттықтырушының елеулі еңбегі көптеген марапаттарға лайықты-ақ!
Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік береді. Одан адам өмірі мәнді, мазмұнды бола түседі. Спортпен айналысуда ақылға қонымды тәсіл мен ұстамдылықты сақтай отырып жаттығу кезінде артық жүктемеге жол берілмейді. Сондықтан дене жаттығулары кезінде қауіпсіздік шараларын да ұмытпау маңызды. Көпжылдық тәжірибелі маман ретінде Бақыт Жакетұлының мерейі үстем. Бедел тұғырынан көрінер ізбасарларыңыз атыңызды ардақтай берсін дейміз!