Талантты спортшы, білікті бапкер Батыста еркелей аққан Еділ мен Жайықтан бастап, шығыста бар байлығын қойнауына жасырып жатқан дархан қазақ даласы, өнерде де, спортта да тума таланттарға кем болмаған. Елім деп соққан жүректің үніне құлақ қойып, доңыздың басқан шөбін тұлпарына жегізбеген Кенесарының тектілігінен тамыр тартып, қазақ елінің әнұранын әлемдік аренада қалықтата шырқатып жүрг
ен спортшы ұл-қыздарымыз аз емес. Ауылының көшесін даналық пен дарындылықтың самалы есіп өткен ауылда кіндік қаны тамса да, аядай ауылдың құмында із қалдырып, қазақ елінің туын көкке желбіретіп, мерейін өсіріп, абыройын асқақтатқан әрбір ұлтжанды спортшы батыр деген атқа лайықты. Олар - барлық құрметті де көрсетуге болатын, әрқайсысы бір-бір кітапқа сұранып тұрған, алып бәйтеректей жапырағын жайып, талантты ұл-қыздарды тәрбиелеп шығарған, алтын діңгекті, алып жүректі азаматтар.
Бүгін біз айтатын кейіпкер кезінде еліміздің байрақты бәсекелерінде көк туымызды желбіреткен майталман спортшы болып, бүгінгі таңда сәби санасына саңылау салып, аламанға түсемін деген тұлпардың бабын келтірген бапкер . Ол өзінің білігі мен білімін ел спорты дамуына арнады. Ұзақ жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының спортшыларын даярлап шығаруда аянбай еңбек етіп келеді. Қаншама спорт саңлақтарын тәрбиелеп шығарды. Ол ата-анасының үкілеген үмітін ақтап, биік мақсаттарды өзіне бағындыра білген толағайдай саңлақ ұл бола білді.
Білікті бапкер, волейбол спортынан Қазақстан Республикасы Чемпионатынан 9 мәрте «Үздік ойыншы» атанған Шәріп Тасқын Теңдікұлы 1989 жылдың 3 мамырында Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Семияр (қазіргі атауы Жетіжар) ауылында дүниеге келді. Әкесі Шәріп Теңдік
Сайделенұлы «Цемент « зауытында жүргізуші болып жұмыс жасаса, анасы Шарипова (Сүйіндік) Гулзат Дүйсенқызы тігін фабрикасында еңбек етеді.
Топты жарар тарланбоздың құлын күнінде аяқ алысы бөлек болатыны секілді, ойын баласы кезінен-ақ бойындағы спортқа, оның ішінде волейболға деген ерекше қабілетін көрсете білген Тасқын Теңдікұлы спортпен ерте айналысты. Қ
азіргідей зауыттан шыққан шынықтыру алаңдары болмаса да, төсегінде басы, төскейінде малы қосылған екі елдің бірлігін біріктіріп жатқан тау етегіндегі жасыл алаң, тұмса табиғат спортпен шұғылдануға таптырмас орын еді. Күлкісіне қарап келешегінен үміт күтіп, бейімі мен қабілетіне қарап, өмір жолын таңдауға көмектесетін қазаққа ғана тән әдемі дәстүр бар емес пе, бала бойындағы ерекше ұмтылысты байқаған ата-анасы Тасқын Теңдікұлының спортпен шұғылдануына ерекше жағдай жасады. Тасқын Теңдікұлы 1996 жылы 2006 жылы Семияр орта мектебін бітіріп шықты. Бала болса да, қай істі көз жеткізіп барып бастайтын, өзге ортаға түскенде еркін араласып кете беретін ашық мінезді жас мектеп қабырғасында жүріп, түрлі спорттық іс-шараларға қатысып, сыныптың ғана емес, мектебінің де мақтанышына айналды.
Мектепті бітіріп, тек алға ұмтылуды алдына мақсат етіп қойған Тасқын Теңдікұлы 2006 жылдың қыркүйек айында «Мұхтар Әуезов Педагогикалық колледжіне» оқуға түсіп, «Дене шынықтыру және спорт» факультетін бітіріп шығады.
2006 жылы «Қуат Семей» волейбол клубында өзінің спорттық мансабын бастаған спортшы 2006-2009 жылдары «Қуат Семей», 2009-2011 жылдары «Шығыс СвинецСтрой», 2011-2014 жылдары «ТНК-Казхром» және 2012 жылы «Ұлттық құрама» сапында өнер көрсетумен қатар, 2009-2012 жылдар аралығында «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» тәмәмдады.
Спорт саласын жанындай жақсы көретін білікті маман Тасқын Теңдікұлының спорттық жолы 2014-2015 жылдары «Семей», 2015-2016 жылдары «ТНК-Казхром», 2016-2018 жылдары «Маңғыстау» спорт клубтарында жалғасып, 2020 жылы «Атырау» клубымен спорттық мансабын аяқтайды.
Спорт деген бір сиқыр. Бұл ғажайып әлемге бір қадам басқан адам одан шығып кетуі нейғабыл. Оның жастар мен ересектерді үйіріп әкететін қасиеті бар. Спорттың қай түрі болсын, жақсы мінез қалыптастырып, әдеп пен мәдениетті бойға сіңіріп, сабырлы болуды үйретеді. Қысқасы, салауатты өмір салтына жетелейді. Спортты сүйген адам әлемді сүйеді, жақсы мен жаманды ажырата біледі, ешқашан дөрекілік пен балағаттың боданына тап болмайды. Өйткені, көне замандарда спорттық ойындар қырғи-қабақ соғыстарды да тоқтататын мәртебеге ие болған.
Жалпы, спорт – өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін бірден-бір құрал. Ол сергітеді, шынықтырады, күш-қуат береді және болашаққа жолдама сыйлайды. Жас болса да, талай істерде бас бола білген, оның үстіне кішкентайынан ұстаз алдын көріп, жаттықтырушысынан тәжірибе жинақтаған жас біліктілігін сала жұмыс істеп, өзін жақсы қырынан көрсете біліп, осы қызметте жүріп сатылай өсті. Талапты жасқа тау да биік емес, білікті маманға қай жерде де орын бар.
Қазіргі таңда «Тарлан-батырлары» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында волейболдан бапкерлік
қызмет еткен Тасқын Теңдікұлы 2022 жылы «Абай облысы бойынша волейбол федерациясының» президенті болып тағайындалды.
Қайнаудан шыққан құрыштай боз кілем төрінде ойнақшып, қарсыласынан әдіс-айласы басым түсіп, талай ел намысы сынға түскен спорттық додаларда топ жарған, спорт саңлағы Тасқын Теңдікұлы спорттағы жетістіктері мен ағалық болмысы, ұстаздық ұлағаты бір кітапқа аздық ететін дара тұлға. Топырағы құнарлы болмаса, бәйтеректің діңі жуан, бұтақтары сая болмайтыны секілді, тәңірдің тарту еткен таланты мен дарынын, қабілетінің қаламымен ұштап, жеңіс тұғырына жиі көтерілген талантты спортшы, білікті басшы жұмысында тиянақты, жауапкершілігі мол қызметкер ретінде ғана емес, үздік жаттықтырушы да бола білді.
Спорт өлмейтін, жоғалмайтын, адамзатпен бірге өмір сүретін сала. Осы спорт саласында жетістікке жетіп, олимп төрін бағындырғандар қазақ елінің туын көкке көтеріп, әнұранын әлемдік деңгейде шырқатуы - қазақ елінің абыройын асқақтатқандығы. Көп жағдайда спорт айтылады да, оны қандай қиыншылықпен, тынымсыз еңбекпен ел мерейі үшін дайындап апарған бапкерлер тасада қалады. Жеңіске жеткен әрбір спортышының артында бапкердің ащы тері, аяусыз еңбегі, біліктілігі мен тәжірибесі жатыр. Сондықтан да, бапкерлер де спортшылар сияқты құрметке лайық. Жасампаз жанның істерін атқарып, бапкерлік еткен, тұғыр биігіне көтеріп, жеңіске жетелей білген Тасқын Теңдікұлының ерен еңбегіне куәгер болып отырған халық оны жоғары б
ағалайды, бедел биігіне шығарып, сыйластық танытып, құрмет бесігіне бөлеп келеді.
Шәкірттері де түрлі деңгейлерде өткізілген спорттық сайыстарда топ жарды. Қолымнан келмейді деп емес, өзіне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындай білді. Жеңіс тұлпары мәреге оңай келмейтіні белігілі, бұл дәреже спорт саласында жеңіс тұғырына көтерілген Тасқын Теңдікұлының қоржынына түскен алғашқы жетістіктерінің куәсі болатын.
Атап айтар болсақ:
Волейболдан Қазақстан Республикасының «Спорт шебері»;
Қазақстан Чемпионы;
Қазақстан Кубогының Чемпионы;
Қазақстан Республикасы Чемпионатының үш дүркін Күміс жүлдегері;
Қазақстан Республикасы Чемпионатының екі дүркін Қола жүлдегері;
Қазақстан Республикасыының «Супер Кубогының» екі дүркін күміс жүлдегері;
Жазғы спорт ойындарының екі дүркін Күміс жүлдегері;
2011 жылы Ресей Федерациясында өткізілген «Автоприбора» Кубогынан ІІ орын;
2012 жылы Қытай елінде өткізілген «Challenge Cup» Халықаралық турнирінен ІІІ орын;
Алматы қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің Кубогының қатысушысы;
Қытай елінің Шанхай қаласында клубтар арасында өткізілген Азия чемпионатынан IV орын;
2014 жылы Ресей Федерациясының Владимир қаласында өткізілген «Автоприбора» Кубогынан І орын;
2015 жылы Қырғызстан елінде өткізілген «Ыстықкөл ойындары» жарысынан ІІІ орын.
Еліміздің көк байрағын әлемдік аренада желбіреткен талантты спортшы, білікті бапкер Тасқын Теңдікұлы жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жары Раева Арайлым Қайырлықызы екеуі Райана, Рахым, Хасан есімді үш перзент тәрбиелеп отыр.
Теледидардан көргенімен, бейнеті мен берекеті, жанкүйерлердің артқан сенімі әр спортшының арқасына артылған ауыр жүк еді. Ол жерде жеке бастың қадірі емес, команданың ары мен намысы, қолына таңбасын ұстап, орнынан секіре ұмтылып отырған жанкүйерлердің үмітін ақтау қара нардың да белін қайыстыратын үлкен жүк.
Жалындай жарқылдаған жасында волейбол спорты бойынша жеңімпаз атанған шәкірттерді додаға қосып келе жатқан жаттықтырушы Тасқын Теңдікұлының ел үмітін ақтау жолында абыройы асқақтай берсін деп тілейміз!