«ҚТЖ ҰҚ» АҚ-ның Мобильді дайындық бойынша жетекші инженері
Еңбекке толы ғұмыр
Құрметті оқырман, балалық шаққа бір саяхаттап қайтайықшы. Естеріңіздер ме?! Бұрын ата-анамыз басқа қалаға тойға немесе қыдыруға пойызбен барамыз десе, кететін күнді асыға күтіп жүретін едік. Вокзалға келген уақытта темір жолды, түрлі бағытпен жүріп жатқан пойыздарды көріп, ерекше атмосфераны сезінетін еді қой. Пойызға мінген уақытта терезеге телміріп отырып, оның жүрген шағында электр бағаналарды санап, жол қысқартатын едік. Осыдан болар көбісі бала күнінде жолсерік болуды немесе пойыз машинисі болуды армандайтын.
![]()
Сол бала күнгі қиялын өмірге айналдырғандардың бірі, бүгінгі кейіпкеріміз – Шүйінішбаева Жемісгүл Шүйінішбайқызы. Өмір жолын темір жолмен байланыстырған ол Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Бершүгір станциясында 1981 жылы 15 шілдесінде дүниеге келген. Бала кезінен ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп, туған ата-анасындай көріп өскен. Кейіпкеріміздің атасы Шүйінішбай – темір жол саласында еңбек еткен ақсақал. Бұл саланы дамытуға сіңірген елеулі еңбегі бағаланып, «құрметті теміржолшы» атағы берілген. Асқар тау әкесі құқық қорғау органдарында қызмет атқарған. Ал бойына қазақ аналарының бар асыл қасиеттерін жинаған анасы әртүрлі салаларда қажырлы еңбек еткен.
Кейіпкеріміз – балдәурен балғын шағында білімге құштар болып, ерте есейген азаматша.
![]()
1987 жылы «Бершүгір» орта мектебінің табалдырығын аттап, білім мен ғылымға деген құштарлығының арқасында озық оқушылардың қатарынан түспеген. Білім ұясында қоғамдық жұмыстарда белсенді болып, мәдени көпшілік іс-шараларға үзбей қатысып, түрлі додаларда жеңістерді қанжығасына байлаған.
Бойжеткен Жемісгүл Шүйіншібайқызы 1998 жылы жас түлек атанып, 1998 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына оқуға түсіп, 2004 жылы инженер-механик мамандығы бойынша жоғарғы білімді алып шыққан.
Еңбек жолы ерте басталған кейіпкеріміздің темір жол саласының таңдауына атасы себепкер болған. Осыдан болу керек, бұл салада екі ағасы да жұмыс жасауда. Жемісгүл Шүйінішбайқызының алғашқы
![]()
жұмысы 2002 жылы «ҚТЖ» ҰҚҚ» Алматы аймақтық филиалының жолаушылар вагондары шаруашылығында жолсерік қызметінен бастаған. Араға екі жыл уақыт салып, «ҚТЖ» АҚ Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде вагон жұмыстары бойынша оператор қызметінде болған. Елеулі еңбек еткен кейіпкеріміз ары қарай 2007-2014 жылдар аралығында «ҚТЖ» АҚ-ға қарасты ВЧД-33 бөлімшесінде еңбек қорғау және техника қауіпсіздігінің жетекші инженері қызметінде, 2014-2018 жылдары «ҚТЖ ҰҚ» АҚ Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің филиалында еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері, 2018-2023 жылдары еңбек қорғау және экология секторының бастығы, 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мобильді дайындық бойынша жетекші инженері болып қызмет етіп келеді.
Жиырма жылдан астам уақыт еңбек өтілі бар Жемісгүлдің жеткен жетістіктері жетерлік. Атап айтсақ 2010 жылы «Магистральдық желі дирекциясынан» Алғыс хат, 2023 жылы Мұнайлы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес
![]()
қосқаны үшін Құрмет Грамотасы, 2024 жылы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы VI мерейтойлық Спартакиада аясында тоғызқұмалақ бойынша III орын, «Managing Safely» курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификат (Institution of Occupational Safety and Health, Baitau Partners LLP), «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастырған өңірлік жастар форумында «Жоба менеджменті» бағдарламасы аясындағы тренингке белсенді қатысқаны үшін Диплом, Мұнайлы ауданының Құрмет Грамотасымен марапатталуға ұсынылған.
Бүгінгі кейіпкеріміз Жемісгүл Шүйінішбайқызы отбасында асыл жар, аяулы ана. Өмірлік жары Салиханов Ерен Уринбасарұлы – Атырау облысының тумасы, қазіргі таңда жары секілді Маңғыстау облысында Темір жол қызметкері. Екі жұптың шаңырағында үш перзент тәрбиеленуде. Тұңғышы
![]()
Қуаныш 2004 жылы дүниеге келген. №4 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алған. Әскердегі борышын өтеп, қазіргі таңда Ақтөбе облысындағы Т.Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында білім алуда.
Екінші перзенті Махаббат 2006 жылы дүние есігін ашып, 2021 жылы Мұнайлы ауданы №4 жалпы білім беретін білім ұйымында 9 сыныпты үздік аттестатпен аяқтап, 11 сыныпты «Алтын белгімен» тәмамдады. 2023 жылы Ұлттық бірыңғай тесттен 109 ұпай жинап, өз білімімен Алматы қаласы «Тұран» университетінің «Халықаралық қатынастар және дипломатия» мамандығы бойынша білім алуда. Мектеп қабырғасында балалары оқу озаты болып, білім мен спортты қатар алып жүрген. Футбол ойынан жүлделі орындарды иемдеген. Шаңырақтың кенже ұлы Қолғанат – қазіргі таңда №10 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында тәрбиеленуде. Есімдерінің де өзіндік мағыналары бар. Кенжесі араға 13 жыл салып, дүние есігін ашып, шаңырақты шаттыққа толтырды. Шығармашылыққа жаны жақын бүлдіршін көптеген жүлделі орындардың иегері.
Темір жолшылар шаңырағына бақыт, отбасына амандық, ұлдарына шабыт тілейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()