Ветеринария саласының ардагері, Сарысу ауданының Құрметті ардагері, «Еңбек даңқы», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері және «Еңбек ардагері» медалінің иегері
Беделі биік азамат
«Елім деп еңбек еткен ерге елі берер бағасын» деген емес пе?! Адамзат өмірін сәнді де салтанатты, мәнді де мағыналы ететін құндылық болса, ол еңбек деуге болады. Себебі, адал еңбектің мәні ешқашан жоғалмайды. Әрбір адам биік арманына еңбектің арқасында қол жеткізеді. Әңгімелегелі отырған Өзекбаев Майтон Әзімханұлы өз замандастарының ішіндегі беделдісі, көшбасшысы әрі ұйымдастырушылық қабілетімен де дара азаматтардың бірі. Білімі мен біліктілігін айтпағанның өзінде оның адамгершілік қасиеті, парасат-пайымы, ой-өрісі кең, әрбір бастамасына қырық пішіп, бір кесетін жан.
![]()
Саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнап, ветеринария саласында өзінің қолтаңбасын қалдырған Майтон Әзімханұлы 1955 жылдың 25 ақпанында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Коммунар совхозында қазіргі Өндіріс ауылында дүниеге келді.
Білім ордасының табалдырығын 1961 жылы Игілік ауылындағы мектепте аттап, білімін одан әрі 1968 жылы Өзбекстан облысы, Ташкент қаласында жалғастырады. Бала кезден ауыл шаруашылығын өмірінің тірегі еткен әке мен ананың қолғанаты бола білген Майтон Әзімханұлы 1970 жылы мектепті бітіріп шыққан соң, Чиназ племсовхоз техникумына оқуға түсіп, 1975 жылы «мал дәрігері» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1976-1978 жылдары аралығында Кеңес әскері сапында Ресей Федерациясының Хабаровск қаласында азаматтық борышын өтеп, старшина шенімен аман-есен, абыроймен атқарып, елге келгеннен кейін алғашқы еңбек жолын аудандық әскери бөлімшесінде бас есепші болып бастайды.
![]()
Екі жыл қаржы саласында еңбек еткен Майтон Әзімханұлы қайтадан өзінің мамандығына бет бұрып, 1980 жылы аудандық малдәрігерлік мекемесіне жұмысқа орналасады. Жануарларды емдейтін маман ретіндегі алғашқы жұмысына ол бар ынтасымен кірісті. Жануарлар ауруларының алдын алуда, оларды емдеуде, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде көптеген жұмыстар атқарды. Саланың негізгі мақсаты малдан адамға жұғатын аурулардан сақтау болғандықтан, жұмысының жауапкершілігі де соғұрлым зор болды. Мұндай жауапты істе Майтон Әзімханұлы жас та болса өзінің құлшынысының арқасында аға мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ түре жүріп, өзінің тәжірибесін жетілдіре түсті. Әр ісіне тиянақтылықпен қарайтын ол 1990 жылдары Коммунар совхозында бас мал дәрігері болып тағайындалып, 1992 жылы қайтадан аудандық Ветстанцияға жұмысқа тұрып, зейнетке шыққанша бір жерде қызмет атқарады.
Өз ісіне жауапты әрі іске тиянақтылықпен қарайтын Майтон Әзімханұлы жұртшылықпен
![]()
жұмыс жасауды терең меңгергенін атап өтуіміз қажет. Алдына жұмыспен келген әр адамның мұң-мұқтажын мұқият тыңдап, мәселесін шешуге жанашырлықпен қарап, жұмыстың нәтижелі бітуіне күш салатынын әріптестері де жоғары бағалайды. Сол еңбегінің жемісі болар, ол өз ісінің білгірі де. Осы салада ұзақ жылдар қажырлы еңбек етіп, талай ұйқысыз күндер мен түндерді өткерген оны өз ісінің майталманы деуге болады. Бұл саланың жұмысын осы салада еңбек еткен адам ғана түсінеді. Қиын әрі күрделі салада жұмыс істеу тәжірибемен қатар, кішіпейілділікті, адалдықты және аса жауапкершілікті талап етеді. Осы қасиеттердің бәрі бойынан табылатын Майтон Әзімханұлы қатардағы қарапайым маманнан бастап, басшылық орынға дейін көтерілді. Өзі жүріп өткен жолдарына зер сала қарап отырса, талай белестерден өтіпті. Сол белестер оны биікке көтеріп, беделі биік азамат етті. Өзі де кейінгі жас мамандарды тәрбиелеп, сала жұмысының ілгері басуына зор үлес қосып келеді.
««Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді жиі айтқанымызбен, денсаулықтың қадірін ауырған кезде білетініміз рас қой. Дертіне шипа іздегендер медициналық қызметтің қолжетімді, сапалы да қолайлы болғанын қалайды. Алайда одан бұрын әрбір саналы азамат өзінің ішіп-жегеніне пысық болуы керек дер едім. «Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді» деген ғой. Сол секілді бір-бірімізбен амандық-саулық сұрасқанда да ең алдымен «Мал-жаның аман ба?» дейтін халықпыз ғой. Ал елді мекендегі тұрғындардың дені төрт түлік ұстап, оны негізгі
![]()
күнкөріс көзіне айналдырып отыр.
Бағып отырған малдары ауруға шалдыққанда оларға дәрі-дәрмек, алғашқы ем шара қажет. Ауырған малға дер кезінде ем жасау басты назарда болуы керек. Өмірдің ыстық-суығы, қиыншылығы мен қызығы, жақсылығы мен жамандығы қатар жүретіні сияқты менің де еңбек жолымда бірқатар оқиғалар өтті. Қиыншылық та болды. Бірақ бәрін табандылықпен, сабырмен жеңіп шықтым. Өмірде өздігінен ештеңе болмайды. Бәрі аянбай еткен адал еңбектің арқасы», - дейді Майтон Әзімханұлы.
Ветеринария саласында еңбек етумен қатар, мекеменің кәсіподағында төрағалық еткен, Байқадам ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі, фермерлер қауымдастығының төрағасы Майтон Әзімханұлы еңбек еткен жылдары қол жеткізген жетістіктері, атқарған мінсіз қызметі, өз ісіне деген адалдығы үшін көптеген түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ:
- 2015 жылы Ауылдық округтің әлеуметтік-эканомикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін Байқадам ауылдық округінің әкімі А.Назарбековтің Алғыс хаты;
- Ветеринария саласындағы ұзақ жылғы еңбегі және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекесінде Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округі әкімінің Құрмет Грамотасы;
- 2017 жылы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісі;
![]()
- «Жамбыл облысының ардагерлер ұйымына 30 жыл» мерекелік медалі;
- Облыс әкімі А. Мырзахметовтің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
- Аудан бойынша 01.08.2019 жылы ардагерлер арасында өткізілген жарысқа қатысып, дартс атудан ІІ орын алғаны үшін кубок, марапат және аудан әкімі Қ.Мәдібековтің Алғыс хаты;
- «Дүниежүзі қазақтарының облыстық филиалына 1 жыл» мерекелік медалі;
- «Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымына 30 жыл» мерекелік медалі;
- 2018 жылы Аудандық ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан зор үлесі мен үздік жетістіктері үшін аудан әкімі Б.Нарбаевтың Құрмет Грамотасы;
- Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі 45 жылға жуық уақыт Сарысу ауданының мал
шаруашылығы саласының дамып, өркендеуіне сүбелі үлес қосқаны үшін зейнетке шығарып салуда Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаевтің Алғыс хаты; - 2019 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Сарысу ауданының ардагерлері арасында өтетін аудандық спартакиадасында дартс спортынан ІІ орын;
- 2020 жылы Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, үздік жетістігі үшін және 1-ші қазан қарттар күніне орай Байқадам ауылдық округінің әкімі А.Назарбековтің Алғыс хаты;
- 2021 жылы Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Сарысу ауылдық әкімі М.Сұлтанғалиевтің Алғыс хаты;
- «Сарысу ауданына 90 жыл» мерекелік медалі;
- «Сарысу ауданының Құрметті ардагері» медалі;
![]()
- 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтің «Еңбек ардагері» медалі;
- 2023 жылы Қазақстан Республикасының министрі А.Сапарбаевтың Құрмет Грамотасы;
- «Сарысу ауданының 95 жылдығы» мерекелік медалі;
- 2024 жылы Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесі төсбелгісімен марапатталды.
«Отан отбасынан басталады» деген. Осы тұрғыда қазақы дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтап, оларды дәріптеп келе жатқан өнегелі отбасы ретінде де Майтон Әзімханұлының абыройы асқақ. Шаттықты шаңырақтың иесі Алла қосқан өмірлік жұбайы Оразалиева Саякуль Шрайевна екеуі 1 қыз, 3 ұл бала тәрбиелеп, өсіріп, балаларынан бүгінде 16 немере, 1 шөбере сүйіп отыр. Перзенттерінің әрқайсысы өз таңдаулары бойынша жоғары білім алып, салаларында таңдаулы мамандар болып қызмет етіп отыр. Бәрі де бір-бір отбасы, өздері де балаларын тәрбиелеп жүрген ата-аналар.
«Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі», - деп хакім Абай Құнанбайұлы өсиет еткендей, адал еңбек ұғымы қашан да адам бойындағы асыл қасиеттерді одан сайын ізгілендіре түсетіні анық. Ақырын жүріп, анық басқан, адал еңбекпен ғана мал тапқан, ұрпағының бойына адамдық һәм адалдық қасиеттерін берік сіңіріп келе жатқан Майтон Әзімханұлының отбасын қай жағынан алып қарасақ та, қоғамға үлгі, мемлекетке мықты тірек болып қаланғанын байқауға болады.