Ветеринария саласының ардагері, «Құрметті ардагер» төсбелгісінің иегері
Өнегелі өмір иесі
Шар тәрізді шыр айналған дүниеде, ауыр сөздер айтып, ақ қардай көңіліңді ластайтын жандармен бірге, сөйлесе кетсең көңіл шырайыңды ашып жіберетін, таным қауашағын сілкіп алып, мөлдір көзбен қарағанда, оның ісінен адамгершілік, өнегелілік, үлгі аларлық дүниелерді көретін, «Мен де сондай жан болсам екен, шіркін!» деп қызыға да, қызғана қарайтын адамдар болады. Міне, өмірге деген ұмтылыс, күнделікті тұрмыстың тауқыметі қажытқан әрбір пенденің ертеңгі күнге деген ерекше көзқарасын оятып, адамгершіліктің ақ таспа жолында қатар жүруге шақыратын, жүрегі тек нұрдан жаратылған адамдармен бірге өмір сүріп, замандасы болу неткен бақыт еді, десеңізші! Бүгінгі кейіпкеріміз де, ат үстінен түспеген ата кәсіптің тізгінін ұстап, ауыл шаруашылығы саласына өзіндік үлесін қосып келе жатқан ардақты тұлға, айбынды азаматтарымыздың бірі – Евескин Түгелбай Дәулетұлы. Жалпы парасаттылық ұғымы деген осындай жандарға айтылса керек-ті. Кейіпкерімізді қай жағынан алып мақтасақ та жарасады. Себебі оның ашық-жарқын қалпы көпті өзіне тәнті етпей қоймайды. Онымен тілдескен сайын кешегі мен бүгінгінің айырмасын, жалпы қызмет еткен жылдарындағы бастан өткен оқиғаларын білгің келе түседі. Алайда біртоға мінезді азаматтың өзіндік ұстанымдары да бар. Яғни өзі дұрыс деп тапқан дүниені өздігінен ашылып айтады. Сұхбат барысында сол қасиетін байқатты.
![]()
Мамандығына адал жанға ырыс-құт еріп, жарылқаушы жақсылығын аямайды ғой. Түгелбай Дәулетұлы өзінің жалынды ісімен, жарқын тірлігімен еліне сыйлы болды. Ал шынайы ризашылығын білдірген ел оны «Сегіз қырлы бір сырлы» азамат деп бағалады. Осы бір ауыз сөзден азаматтың кескін-келбетін, болмыс-бітімін, барлық қыр-сырын жан-жақты көргендей-ақ боласың. Үлкен жүректі, білімді ветеринария саласының ардагері қай іске де бейімділігінің, іскерлігінің, адамдармен тез тіл табыса білетін қасиетінің, еңбекқорлығының арқасында абырой жинап, бедел биігіне көтерілді. Ортасында да өзіндік орны бар. Адал атқарсаң, қызмет талапты адамды өсіреді. Көпке танытып, беделін арттырады деген емес пе?! Оған Түгелбай Дәулетұлының өмір баспалдақтары, батыл жүріп өткен жолы дәлел.
Ауыл шаруашылығының ақ туын жықпай еңбек еткен Түгелбай Дәулетұлы 1942 жылы 15 қарашада Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ақырап ауылының №3 бөлімшесінде дүниеге келді. Өмірге әкелген ата-анаға перзент қашан да қарыздар емес пе, бүгінгі кейіпкеріміздің де алтыннан да қымбатты жандары туралы айтары да бар екен, құлақ түріп көрсек:
– Мен өз өмірбаянымды бастамас бұрын, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр бастау алатын тұсында тарихпен тығыз байланысқан ата-анамның өмір тарихынан бастағым
![]()
келеді. ХІХ ғасырдың аяғында 1877 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген әкем Евескин Дәулет ағасы екеуі жетім қалып, туыстарының қолында ер жетіп, жаңадан құрылған кеңес өкіметіне өз үлесін қосып, атқа мініп, түрлі қызметтер атқарған. Ауылдық кеңестің хатшысы қызметіне дейін көтерілген. Хат танитын, сауатты адам болған. Репрессия кезеңі де, біздің отбасын айналып өткен жоқ. 1938 жылы әкеме «халық жауы» деп жалған айып тағып, ұстап әкетіп, тек 1940 жылы босап шығады (1990 жылдары ақталды). 1941 жылы соғыс басталғанда әкеміз алғашқылардың бірі болып соғыс қатарына шақырылып, жарақат алуына байланысты елге қайтып келді. Кейіннен 1943 жылы қайтадан соғысқа шақыртылып, Сталинград шайқасында қаза табады. Ал анам Катенбаева Рахила Егізқызы ауқаттырақ жанұядан шыққан. Ауыл молдасынан оқыған, иманы мықты адам еді. Қандай заман басынан өтсе де, бес уақыт намазын қаза қылған емес және Кеңес өкіметі тұсында да ақ кимешегін киіп, оразасын ұстап, имандылық тәрбиесін балалары мен немерелерінің құлағына құйып өсірді. Әкем соғысқа кеткенде үш баласына бас-көз болып, сол кездегі колхоздың кез-келген қара жұмысын атқарған.
Отбасында біз үш ағайынды едік: ағам Евескин Шамельхан Дәулетұлы 1936 жылы туған, әпкем Евескина Ханзада Дәулетқызы 1938 жылы туған және мен.
![]()
Ағам Евескин Шамельхан Дәулетұлы Орынбор қаласындағы медициналық институтты бітіріп, облысқа белгілі хирург болды.
Әкемнен ерте қалсам да, маған қамқор адамдар аз болмады, нағашы атамның тәрбиесін көрдім. Атам қартайған шағына дейін, кәрілікке мойынсынбай, үйдің қамын ойлайтын, есек арбасын жегіп алып, шабындықтарға барып, малдың қыстық азығын жинайтын едік. Әкемнің ағасы Бөжек көкем жыраулық бойына дарыған, қасиетті адам еді. Менің төзімді, батыл, еңбекқор болып өсуіме септігін тигізген жандар еді, – дейді, Түгелбай Дәулетұлы өзінің ата-анасы мен бауырлары туралы айтып өтіп.
Бала күнінен алғыр, үлкендердің ақылын көп тыңдайтын елгезек, ауыл-елдің жаңалығына құлағын түріп жүретін нағыз ер мінезді болды. Ақырап ауылының 7 жылдық мектебінің табалдырығын аттап, мектеп қабырғасында да жақсы оқып, ұстаздарының мақтаулы шәкірті атанды. Қатарластары арасында өзінің табандылығымен, белсенділігімен дараланып тұратын. Қайсыбір іс-шараларға қалмай қатысып, өзінің үлесін қосып жүретін.
Білімін одан әрі Қобда ауданының орталығындағы 10 жылдық мектеп-интернатында жалғастырған Түгелбай Дәулетұлы 1959 жылы орта мектепті аяқтап шыққан соң, 1959-1963 жылдар жүргізуші кәсібін оқып, игеріп, жүргізуші болып еңбек жолын бастайды.
![]()
Жауапкершілігі мол, бастамашыл, мейірімді, еңбекқор, әріптестермен ауызбіршілікте жұмыс жасай алатын, ісіне барынша тиянақты, тапсырылған жұмысты уақытылы орындай білетін, азамат Түгелбай Дәулетұлы одан әрі 1963 жылы Алматы мал-дәрігерлік институтына түседі. Бірақ ер азамат үшін елге қызмет екінші орынға ысырылған ба, сол жылы күзде кеңес әскері қатарына шақыртылып, үш жыл Отан алдындағы борышын 1966 жылға дейін Томск қаласында өтеп келіп, Алматы қаласында мал-дәрігерлік оқуды жалғастырып, 1971 жылы оқуды аяқтап, мал дәрігері мамандығының дипломымен елге оралады.
Осылайша, мал дәрігерлігі саласында еңбек жолын 1971 жылы Қобда ауданының Жиренқопа ауылында мал дәрігері болып бастайды.
– 1973 жылы Қобда ауданында бірнеше колхозды біріктіріп Кеңес одағының батыр қызы Әлия
![]()
Молдағұлованың аты беріліп, ірі қара малды бордақылау бағыты бойынша құрылған арнайы совхозға бас мал дәрігері ретінде келіп, 1993 жылға дейін қызмет атқардым. (1973 жылы күзде дүниеге келген екінші қызыма Әлия есімін бердім).
Арнайы мал бордақылау совхозында тұрақты түрде 10 000 бас ірі қара мал бордақыланып, жылына 5 мыңға дейін ірі қара малды етке өткізіп, 25 мың тонна ет тапсырдық. Ірі қара малдың тірі салмағын 450 кг дейін жеткіздік, ол тұста ол рекордтық көрсеткіш еді. Партияның тапсырмасы бойынша 350 кг малды мясокомбинат қабылдамайтын.
Совхозда, сонымен қатар, қой және жылқы болды. Совхоздың малының эпизотиялық жағда-йын тұрақты түрде қалыпты жағдайда ұстап тұру оңай болған жоқ, қыс-жаз демей барлық малдың қанын алдық, оған қоса жекенің малының да ауру сырқауға ұшырамауына тікелей жауапты болдық, – деген Түгелбай
![]()
Дәулетұлы лауазымды қызметтерді атқарды.
1993-2000 жылы аудандағы Ветеринария станция меңгеруші болса, 2000-2009 жылы мал-дәрігерлік инспекторы, 2009 жылы мал-дәрігерлік инспекторы қызметінде болып зейнеткерлікке шықса да, әлі жалғастырып келеді.
Түгелбай Дәулетұлы өзінің еселі еңбегімен, маңдай терімен талай асуларды бағындырған азамат. «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат ағайындарына бауырмал аға болса, жасы үлкендерден бата алған баталы ер. Ең бастысы өз ісінің нағыз майталманы екені даусыз. Осы жылдар ішінде табанды, нәтижелі еңбегімен өзін көрсетіп келеді. Сол еңбегіне сай әр кездерде де өзінің лайықты бағасын алып жүр. Бұлардың барлығы да талай жылдарғы еңбек пен өмір жолындағы абырой мен беделдің жемісі деуге болады.
Осы жылдар аралығында мол тәжірибе жинақтаған Түгелбай Дәулетұлы басшылық қызметтерде де, ұйымдастырушылық қабілетімен, лауазымдық міндеттемелерді уақытылы орындауымен, қарамағындағы қызметкерлерімен біріге, ынтымақтаса жұмыс істеуімен ерекшеленіп, қол жеткізгені тек жетістік болды.
![]()
Уақытының көбі жұмыспен кетеді десек те, ол отбасына да уақыт таба алатын ардақты әке, асыл жар. Бала күнгі айнымас досы кітап оқуды қатты ұнатады. Саламатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын күтеді. Жаңалыққа, жаңашылдыққа бейім азамат үнемі елдің, қоғамның жайларын назарында ұстап, өзіндік үнін де қосып отырады. Ол Президент Жолдауларын қалдырмай оқып, өзі басшылық ететін мекеме қызметкерлеріне талдап айтып, саласына қатыстылардың орындалуын талап етіп отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жастарға ақылшы аға, көпшілікке үлгі болып жүретін азамат жайында көп нәрсе айтуға болады.
Түгелбай Дәулетұлы өзінің кәсіби деңгейін көтеруге ұдайы көңіл бөліп отырады және сол бағытта мақсатты жұмыс жасайды. Барлық атқарып жатқан қызметтерінде өзіне жүктелген міндеттерді тиянақтылық, жігерлілік, іскерлікпен, ең бастысы ұқыптылық пен жинақылық, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен орындайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларға да белсене қатысып, қоғам пайдасы үшін де өзінің азаматтық үлесін қосып келеді.
Қазақстан егемендік алғалы еліміздің ауыл шаруашылық саласының дамуына Түгелбай Дәулетұлы мол ауқымды үлес қосқан жандардың бірегейі. Айбынды азаматтың мерейін өсірген марапаттары мен жетістіктері де жоқ е
![]()
мес. 2022 жылы 80 жылдық мерейтойына байланысты ел үшін аянбай жасаған ерен еңбегін ескере отырып, Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы ардагерлер Кеңесі» Қоғамдық кеңесінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды. Өте қарапайым, туысшыл, бауырмал азаматтың достары да өте көп. Әсіресе, бала кезден бірге өскен достарымен ара қатынасы тіпті жақын. Қолынан келген көмегін аянып қалмайтын Түгелбай Дәулетұлы қайырымдылық мәселесіне жіті мән береді. Өзінің алдына көмек сұрай келген кез келген жанға көмектесуге асығып тұрады. Басқалардың жайын жақсы түсінеді. Өзінің мамандығы мал дәрігері болғандықтан, оған көмек сұрап келушілердің дені де соғұрлым. Мал жайын жақсы білетіндіктен, кез-келген уақытта өзінің көмегін көрсетуден шаршамайды.
Кейбір адам сөйлемесе де, жылы жүзі, мейірімділігі, ерекше көзқарасымен-ақ өзіне тартып, баурап, ерекше адалдықтың лебізін сездіріп тұрады. Түгелбай Дәулетұлын осындай адамдардың қатарына қоса аламыз. Әке тәрбиесі, ана тәлімімен бойына енген маңдай терін төгіп еңбек ету, кісінің ала жібін аттамау, ұжымдастарымен еркін араласып, олардың сөзі мен істеріне, таңдауларына құрметпен қарау, өзінің білгені мен түйгенін, тәжірибесін кейінгі жастарға үлгі етіп айту, бөлісу, Түгелбай Дәулетұлының ерекше ұмтылыспен атқаратын істерінің бірі. Мерейін өсіретін еңбекке ерте араласып, ұжымдастары ортасында құрметке ие болған Түгелбай Дәулетұлы басынан небір ауыр кезеңдер өтсе де, ол ешқашан қиындық атаулыға мойынсұнған емес. Соның бәрі өзінің ерен еңбегінің жемісі деп біледі.
– Кеңес өкіметі құлағаннан кейін колхоз-совхоздар тарап, ыдыраса да өз мамандығыма деген сүйіспеншілігім мен халықтың маған деген артқан үміті мен сенімдерін жүрегіме жалау болып, қиын-қыстау заманда да өз мамандығымды жалғастырып, елге қызметімді аямадым. Кім маған жалақы береді немесе айлық аз деген ой да болмады.
Құдай қосқан қосағым Семей облысы, Аягөз ауданының тумасы, Рысбекова Жеңіс Рысбекқызымен отау құрғанымызға 2024 жылы 53 жыл толды. Отбасымызда 2 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсірдік. Қазіргі кезде әрқайсысы өз маманының шебері, балалы-шағалы, – деп сөзін түйіндеген Түгелбай Дәулетұлы мен жұбайы Жеңіс Рысбекқызы немере сүйіп отырған өнегелі ата-әже!
Түгелбай Дәулетұлына еңбегіңіз жемісті болып, елге сыйлы қалпыңызбен абыройыңыз арта берсін деген тілектеміз.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()