Таукеев Бақберген

Рейтинг:

Құрметке лайықты азамат

      «Елім деп еңбек еткен ерге елі берер бағасын» деген емес пе?! Адамзат өмірін сәнді де салтанатты, мәнді де мағыналы ететін құндылық болса ол еңбек деуге болады. Себебі адал еңбектің мәні ешқашан жоғалмайды. Әрбір адам биік арманына еңбектің арқасында қол жеткізеді. Әңгімелегелі отырған Бақберген Қашқынбайұлы - өз замандастарының ішіндегі беделдісі, көшбасшысы әрі ұйымдастырушылық қабілетімен де дара азаматтардың бірі. Білімі мен біліктілігін айтпағанның өзінде оның адамгершілік қасиеті, парасат-пайымы, ой-өрісі кең, әрбір бастамасына қырық пішіп, бір кесетін жан.
      Бақберген Қашқынбайұлы 1964 жылдың 28 қыркүйегінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жаңақала совхозында дүниеге келді. Жыр мен өнердің ордасына айналған өлкеде балалығын өткізіп, бастауын сонау ақ шаңқан бұлтпен тілдескен таулар мен мұздықтарды алып жатқан Сырдарияның самалымен жарыса өскен Бақберген мектеп табалдырығын 1971 жылы аттады. Шабасында дарабоздық желіп тұрған, топырағы қасиетті елді мекенде өскен балада арман бар ма?! Текті тұлғалардың табаны тиген мекенде Бақберген де қатарластарының алды болып өсті. Кішкентайынан қандай істі де шыр айналдырып алып кететін жас, ауылдағы №185 мектепте білім ала жүріп, өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, ұстаз тапсырмасын орындаудағы жауапкершілігімен көзге түсіп, сыныптың көшін алға сүйрегін озат оқушы болумен қатар, мектепті де үздіктердің сапында бітірді.       1981 жылы Мектепті бітірген жалынды жас сол кездегі жүйе бойынша еңбекке араласып, экономиканың негізгі тірегі болған ауыл шаруашылығына белсене араласады. Жаңақала совхозының №3 фермада жұмысшы бола жүріп, өзінің мамандығын да таңдады. Еңбек ете білсең, шырайыңды шығарып, еңбегіңді еселейтін ауыл шаруашылығына қатысты мамандықты өмірінің серігі етуді қалаған Бақберген Қашқынбайұлы 1982 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтында «Мал дәрігері» мамандығына оқуға түседі. 
      Дүниеге ұл бала келгенде қамшы ұстарым, қорғаным келді деп қуанған халықтың перзенті емеспіз бе, жүрегінде патриоттық дүрсілі соғып тұрған кейіпкеріміз 1984-1986 жылдары Кеңес әскері сапында Отан алдындағы борышын өтеп келеді. Одан әрі оқуын жалғастырып, 1989 жылы бітіріп шыққан Бақберген Қашқынбайұлы өзінің алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев атындағы совхоздың №4 бригадасының мал дәрігері болумен басталады.       Күн сөнгенше сөнбейтін кәсіптің бірі – мал шаруашылығы. Дәуірлеген қай заманды, қай ғасырда алып қарасаңыз да мал шаруашылығы елдің экономикасының негізгі күші болған. Жесең – ас, кисең – киім, мінсең – көлік болатын мал шаруашылығы қашанда білікті де білімді, төрт түліктің бабын таба білетін мамандарға деген сұранысын жоғалтпаған. Сондықтан да мал шаруашылығы ата кәсіпке айналған. 
      Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де, ата кәсіптен бойын аулақ салмақ түгілі, осы бір шаруашылықтың бел ортасында туып, балалығын өткізіп, берекесін кіргізді. Сонау бір тоқырау жылдары да аяғын мал шаруашылығына алыс баспаған Бақберген Қашқынбайұлы өз саласының белді маманы бола білді. Қоныс жайлы болсын деп шұрайлы жерлерге алшақ-алшақ қонған ауылдар мен жайлауларды аралап, совхоздың иелігіндегі төлдің саулығы, амандығы жолында оқығаны мен тоқығанын ортаға сала білді. 
      Одан кейінгі қызметінде №4 бригадасының басшысы, 2011 - 2020 жылдары ҚР АШМ Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау бас басқармасы «Қорғас» бекетінің басшысы, 2020-2022 жылдары ҚР АШМ Жетісу облысы, Панфилов ауданы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Панфилов аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы қызметтерін абыроймен атқара білді.       Өз ісіне жауапты әрі іске тиянақтылықпен қарайтын ол жұртшылықпен жұмыс жасауды терең меңгергенін атап өтуіміз қажет. Алдына жұмыспен келген әр адамның мұң-мұқтажын мұқият тыңдап, мәселесін шешуге жанашырлықпен қарап, жұмыстың нәтижелі бітуіне күш салатынын әріптестері де жоғары бағалайды. Сол еңбегінің жемісі болар, ол өз ісінің білгірі де. Осы салада ұзақ жылдар қажырлы еңбек етіп, талай ұйқысыз күндер мен түндерді өткерген кейіпкерімізді өз ісінің майталманы деуге болады. 
      Бұл саланың жұмысын осы салада еңбек еткен адам ғана түсінеді. Қиын әрі күрделі салада жұмыс істеу тәжірибемен қатар кішіпейілділікті, адалдықты және аса жауапкершілікті талап етеді. Осы қасиеттердің бәрі бойынан табылатын ол қатардағы қарапайым маманнан бастап, басшылық орынға дейін көтерілді. Өзі жүріп өткен жолдарына зер сала қарап отырса талай белестерден өтіпті. Сол белестер оны биікке көтеріп,нар тұлғалы азамат етті. Өзі де кейінгі жас мамандарды тәрбиелеп, сала жұмысының ілгері басуына зор үлес қосып келеді.
      Бақберген Қашқынбайұлы еңбек еткен жылдары 2011 жылы Алматы облыстық аумақтық инспекция басқармасының Құрмет Грамотасымен және 2012 жыл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Бұл да болса өз саласының үздігінің еңбегіне берілген әділ баға десек те болады. 
      Кейіпкеріміз қызметінен бөлек, отбасында да ардақты жар, асқар тау әке. Жары Сүлейменова Клара. Ол Жетісу облысы, Панфилов ауданының Статистика басқармасы басшысы болып қызмет етеді. Бақберген Ұашқынбайұлы Клара Зинабытовна екеуі екі ұл, бір қыз өсіріп тәрбиелеп, құтты орындарына қондырған аяулы жандар. Таукеев Даурен, Таукеев Дармен, Таукеева Динара бүгінгі таңда әрқайсысы бір-бір белді мамандықтың иегерлері. Атап айтсақ:
      Таукеев Даурен Бакбергенович - Алматы облыстық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжі директорының орынбасары. 
      Таукеев Дәрмен Бақбергенұлы - "Жетісу" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институты акционерлік қоғамының агроөнеркәсіп департаментінің бас маманы. 
      Таукеева Динара Бақбергенқызы - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасының бас маманы.
      Бақберген Қашқынбайұлы секілді азаматтардың өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі, ал күреске толы тағдыры болашаққа жазылған хаттай болмақшы. «Талбесік қалай тербелсе, талшыбық солай қисаяды» деген, өзінің тағылым мен өнегеге толы өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалған, қиындық көрсе де табандылық таныта отырып жеңіп шығып, сабырлықты жанына серік еткен еңбек адамы Бақберген Қашқынбайұлына ұзақ ғұмыр тілеп, ұрпақтарының алдында тура жолды көрсеткен тұсбағдар болып жүре беріңіз демекпіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

16 октября 2025 07:21
Людмила
[hide] [/hide Евгений! Вопрос: в далёком детстве Вашем Вы были в Монголии?? 1975-1980гг. Я из Москвы, ищу своих... если...
4 октября 2025 14:45
ERLAN
Барака Аллаху фикум пусть Аллах сделает болгим в обеих мирах твой труд и старание для людей ради Аллаха...
4 октября 2025 01:26
Жанар
Махаббат не только мастер своего дела-лучший скульптор лица, но и чуткий и внимательный Человек с большой буквой! Любви...