Тілеубердиева Фатима

Рейтинг:
Ұстаз-ана
     
      ССР кезінде Орта Азия елдерінде атағы кеңінен жайылып, тарихы кеңінен таралған Тәжікстан елінің шертер сыры мен тарихы бөлек. Сол жылдары біреуі оқуға, енді бірі жұмыс жасауға келіп, отбасын құрып тұрақтап қалса, кейбірі жер аударылып келген қазақтар.Кенеттен орнаған Кеңес билігінің құрығына ілінген қазақтар да Тәжік елінде де баршылық. Міне, осындай тарихы терең Тәжікстан елінің топырағында, Ленинабат атты облысының Матчин ауданына қарасты Құрсай ауылында Тілеубердиева Фатима Сманқызы атты еңбексүйгіш, білімге құмар, қайсар қыз дүние есігін ашады.Фатима Сманқызының өз сөзінен: «СССР кезінде 15 одақ бірге еді ғой,әкем Сман Әзімұлы 1930 жылы туылған, соғыс жылдарынан кейінгі бозбала ата - анасының үлкені, өзінен кейін 3 інісі, 1 қарындасы қызылшадан шетінеп кетеді.Әкеден тұңғыш ұл Сман мен кенже қыз Рахима қалады.Әкем үйдің үлкені ата-анасына жаны ашып, оқу орнын таңдағанда шәкіртақы қай оқу орны көп береді деп тізімді қарап шығып, Таукен училищеге құжат тапсырады. Бітірген соң Тәжікстанға жолдамамен жас маманды шахтаға жібереді. Ата-анасы жалғыз ұл мен қыз көзімнің ағы мен қарасы деп артынан барады. Сол жақта Түлкібастың тумасы, таудың қызы Жаңыл Ақылбекқызына үйленіп, біз дүниеге келген екенбіз. Кейін атамыз бен апамыз елге қайтамыз деп, елімізге келіп мектепке бардық. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген шығар көреген көз қариялар»-дейді.
      Фатима Сманқызы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Совет селосына қарасты мектепте алғаш сауатын ашып, 1973 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. Жасынан білімге зерек, ұмтылысы мен талабы бөлек Фатима Шымкент қаласындағы Педагогикалық институтқа оқуға түсіп, «Бастауыш сынып педагогика және методика» мамандығы бойынша білім алып, 1977 жылы бітіреді. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, сегіз қырлы бір жан иесі білімін одан әрі толықтырып, 1983 жылы Шымкенттегі педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, оны да абыройлы меңгеріп, зор маман иесі боп атанып шығады. Әрқашан алда болған, болашағы зор маман Фатима Сманқызын өзі ұшқан алтын орда мектебі қуана қарсы алып, киелі білім шаңырағына ұстаз болып орналасады. Осындай жауапты үздіксіз еңбек жолында шәкірттер мен кішкене бүлдіршіндерді тәрбиелей жүріп, біраз жетістіктер мен абыройлы қызметтер де атқара білді. «Алтын қылыш сандықта жатпас»-дегендей, жүзі жарқын, білікті маман ұстаздық қыз-метін жоғары деңгейде атқарып, әдіскерден меңгерушіге айналған сыйлы басшы қызметіне дейін жоғарлады. Әрине, мұндай абыройлы қызмет иесіне Фатима апай бірден қол жеткізе қоймады. Маңдай терімен үздіксіз білім саласында толағайдай жетістікке толы іс- тәжірибесімен, ұлтын сүйген қазақтың іскер қызы ретінде жете білді. Білім саласы мен өскелең ұрпағын тәрбиелеу жолында 40 жыл сүбелі еңбек ету – нағыз майталман маманның, өз мамандығын шексіз сүйген жанның қолынан ғана келетіні анық. Міне, осындай ізденіс пен табанды еңбегінің арқасында біраз жетістік пен халық құрметіне бөленіп, білім саласының өркендеуіне үлкен үлесін қосып, зор абыроймен зейнеткерлікке шықты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - дегендей ел игілігі мен ұрпақтың өнегелі тәрбие алуы үшін зейнет жасына жетсе де, қол қусырып отырмай, ұлт саулығы мен діні, тілі, тәрбиесі үшін жекеменшік «Гауһар» атты 75 орындық балабақша ашып, өз өнегесі мен тәлімін 75 жас бүлдіршін мен тәрбиешілерге үйретіп, 18 адамды жұмыспен қамтып, мол сауапқа кенеліп отырған іскер жан десе де болады. Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, қай кезде де болса да ата-дәстүр салтымызды насихаттайтын Фатима әжейдің есімі телеарналарға да таныс бола бастады. Қаймағы бұзылмаған салтымызды насихаттау үшін ШТВ арнасында дайындалған «Шаңырақ» тележобасындағы «Ене мен келін» тақырыбының шығармашылық құрамына ат салысып, біршама тәлімі мол дүниелердің жастарға сілтей көрінуіне себепкер болды. Ұлттық мұра, ұлттық дәстүр десе, сүйсіне сыр шертетін Фатима Сманқызының Наурыз мерекесінде сахнаны «Сәукеле» үлгісінде декорациялық безендіру бастамасы ерекше үлгіде болып, жоғары бағаға ие болды. Өйткені, Фатима әжей ұлттық құндылығымызды ұрпақ тәрбиесіне сіңіріп, «Рухани Жаңғыру» негізінде насихаттау шеберлігі елден ерек көрінетін кемеңгер ұстаз-ана! Ұлағаты барша жұртқа үлгі болған сыйлы әже бүгінде облыстық ардагерлер жанынан құрылған «Әжелер кеңесінің» белді мүшесі. Жанұялық сайыс не отбасылық тәрбиеге толы іс-шаралардың бір де бірі Фатима әжейдің төрелігі мен кеңесінсіз өтпейді десе де болады. Шынында да, ұлы қызметтен өрісі кеңейіп, өнегелі жанға айналған Фатима әжейдің жеткен жетістігі мен өмірі ғибратқа толы. Әсіресе, ұлттық педагогикамызды насихаттап, бала бойына нәрлендіре сіңіру үшін шығармашылыққа ден қойып, жаңашылдықтан қалыс қалмай, түрлі заманға сай технологияларды еркін меңгеріп, дәл бүгінге дейін ұрпақ санасына сіңіріп, тәлімін көрсетуі– мақтан етерлік өнегелі іс.Ізгілікке толы қайырымды ісінің нәтижесінде еңбегі бағаланып, жемісін теріп, зейнетін көрді. Ел құрметіне ие болып, халық қалаулысы атанды. Сондай нәтижеге толы зор еңбегінің бірі Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2010 жылы «Құрмет Грамотасымен» марапатталуы. 2011 жылы еңбегі еселеніп, Елбасымыздың «Алғыс Хатын» иеленеді. Ел игілігі мен жас ұрпақ үшін жасалып жүрген игі істері назардан тыс қалмай, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген ерен еңбегі үшін» медаліне ие болады. Қазастан Республикасы Президентінің 2011 жылғы қараша айында шыққан жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.Үнемі ізденісті, жаңашылдықты қалап, қашан да қайырымға толы ізгі істерін көрсетіп жүрген шебер ұстазға 2012 жылы Шымкент қалалық білім беру мекемесі «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісін тақты. Еңбегі өлшеусіз жанның есімі мемлекеттер бойынша шығатын «Үздік есімдер атты энциклопедия-лық жинаққа № 2230 02.03.2012 жылы еніп, құрмет белгісімен марапатталып, тізіміне енген. 2006-2013 жылдар арасында өзі жетекшілік ететін балабақша Шымкент қаласындағы ең үздік тәрбие беру мекемесі қатарынан алда көрінді. Сондай табысқа толы нәтижелі еңбегінің жемісі болар, әрбір ұстаздың арманына айналған «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгісін зор еңбегінің нәтижесінде, білім саласындағы елеулі үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің шешімімен №36,24.01.2013 жылы марапатталады. 2016 жылы Білім және ғылым министрінің ТәуелсізҚазақстанымыздың өркендеу мен әлеуметтік дамуы жолында қосқан үлесі үшін «Құрмет Грамотасына» ие болып, тағы бір мәрте шеберлігі мен іскерлігін көрсете білді. Бар саналы ғұмырын өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеуде қажыр-қайратын аямаған кемеңгер жанның берекелі шаңырағы – атақты Төле би бабамыздың ұрпағы екен. Иә, қаны қазақ, тегі кемеңгер Фатима ұстаз-ананың мықтылығы мен даралығы 
      Тілеубердиевтер әулетінің тектілігінде жатыр. Әулеті өсіп-өніп, тамыры тереңге жайылған отбасы Түркістан облысының ең сыйлы шаңырағы. Құдай қосқан жары Абибулла Тілеубердиев те қайратты еңбектің адамы. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп, совхоз директоры қызметіне дейін көтеріліп, ерен еңбегімен аудан асып, облысқа еңбегі сіңген абыройлы азамат. Шаттыққа толы берекелі шаңырағында алтын асықтай, ел қорғайтын төрт ұл тәрбиелеп өсірген бақытты ата-ана. Бар өнегесі мен тәлімін бойларына сіңірген қайсар ұлдары да елге сыйлы қызмет істеп, еңбек етуде. Абибулла атамыз бен Фатима әжейдің ұрпағы мәуелі бәйтеректің тамырындай тереңге жайылып, төрт ұлынан бүгінде жиырмаға жуық немере сүйіп отыр.
      Еңбектің жемісін көріп, қартайғанда дәулеті мен зейнетін көру деген осы болар бәлкім?! 
      Фатима Сманқызы – үздіксіз еңбегі мен қажырлы қайратының арқасында талай биік белестерге жетіп, ұлт қамы үшін қазақилық қасиет пен салт-сананы дәріптеп, еліне сыйлы болып, құрметке бөленген өнегелі жан.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
15 февраля 2021 23:43
Алтынай

Менын тандауым  Тылеубергенова Фатима
15 февраля 2021 23:33
Салтанат Нұрғалым

Ардақты әже, аяулы ана, қамқор апке, ұлағатты ұстаз, сүйікті жар тек биіктен көріне берңіз💐
15 февраля 2021 23:22
Мадина

Фатима апай настоящий педагог и пр
екрасная женщина ! Достойна всяческих похвал и наград!!! Иы гордимся ей!
15 февраля 2021 23:21
Умутжан

Фатима Тилеубердиева очень хороший педагог.МЫ ЕЕ ВСЕ ЛЮБИМ И УВАЖАЕМ
15 февраля 2021 23:20
Айжамал

Аллах жар болсын сызге! Керемет устаз!
15 февраля 2021 23:18
Алмагуль

Сәттілік тілеймін!!! 
15 февраля 2021 23:17
Жанат

Мықты тұлға😘
15 февраля 2021 23:14
Бауыржан

Өте адал ұстаз қайраткер адам.
15 февраля 2021 23:13
Сәке

Жарайсыз)))
15 февраля 2021 23:09
Saltanat

 Ардақты ана! Аяулы жар!😘❤️
15 февраля 2021 23:06
Байдулла

Барлық мақтауға лайық 👏👏👏
15 февраля 2021 16:36
Гауһар

Осынау жылдар бойы ұрпақ тәрбиесі,шәкірт білімі,ел болашағы шеңберінде еткен еңбегіңіздің ,төккен теріңіздің еленіп ескеріле беруін тілеймін!Мықты денсаулық, отбасына береке, жұмыста табыс тілеймін!
15 февраля 2021 16:09
Гауһар

  1. ӨЗ мамандығына деген шексіз сүйіспеншіліктің қандай жетістікке жеткізетінін байқадым, Фатима Сманова қиын да жауапкершілікті еңбек жолында" Ұстаз "деген ұлы есімге лайықты жан.Осынау жылдар бойы ұрпақ тәрбиесі ,шәкірт білімі,ел болашағы шеңберінде еткен еңбегіңіздің ,төккен теріңіздің, еленіп ескеріле беруін тілеймін! Ұстаздардың ұстазы болған Фатима апайға мықты денсаулық,отбасының береке,жұмыста табыс тілеймін.

15 февраля 2021 13:22
Зарина

Мастер своего дела, учитель высшего класса, мы любим вас❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
15 февраля 2021 08:46
Динара

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.
Ардақты ұстаз, асыл әже!
14 февраля 2021 23:24
Бакытгуль

Жарайсың Фатима! Тек алға
14 февраля 2021 17:29
Роза

Фатима Сманқызы—білімді ұстаз, біліқті басшы,  сүйікті жар, аяулы ана, ардақты әже! 
14 февраля 2021 14:10
Клара

👋👍о́те жаксы устаз
14 февраля 2021 13:20
Эльнара

  1. Керемет ұстаз. Керемет маман иесі👍😍
14 февраля 2021 12:17
Асель

Фатима апай еңбегініздің жемісін көре беріңіз.
14 февраля 2021 11:55
Гүлбану

Керемет! Сәттілік тілейміз! 👏🏻👏🏻👏🏻
14 февраля 2021 11:53
Бакытгуль

Ұстаздық. еткен  жалықпас. үйретуден  балаға ...  демекші   Фатима  Әзім   қызы  еткен   еңбегіңнің   жемісін көр  ! Сен атаққа лайықты  жансың ... Жастық  шақтан. бірге  оқыған  группаластар    біздер  сенің. мақтан. етеміз. !
14 февраля 2021 11:43
Рабига

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.
Улагатты Устаз Фатима Сманкызынын енбеги жана берсин!!!Халыктын кызы Фатима апамыздан улги алатын урпактары мен шакирттери мактан етемиз!!!Гумыры узак болсын. 
14 февраля 2021 11:43
Гулбаршын

Фатима ханым өте білікті де, білімді маман, өз ісінің шебері. Адамгершілігі, парасаттылығы мол, өз ортасында өте қадірлі жан!!! Сізге мықты денсаулық,,сәттілік тілеймін! 
14 февраля 2021 11:37
Оксана

Самый лучший учитель!!!
14 февраля 2021 11:28
Шахизада

Жастық шақтағы күш жігерін,балалардың  тәрбиесі мен біліміне арнаған Фатима.Жарайсың!.
13 февраля 2021 23:12
Дурия

Тек алга!! Женыске жет!!
13 февраля 2021 23:06
Абеке

Парасатты ұстаз, атағына ие болуға лайық!👍
13 февраля 2021 23:03
Абеке

Жарайсыз, тек алға!👍
13 февраля 2021 23:00
Света

Тек алға, жеңіске жетуіңді тілеймін!

Последние комментарии

13 июля 2026 13:54
Кульжами Есимхановна
Прочитала с большим уважением к человеку чье имя внесено в летопись золотой книги Казахстана, своему шефу, Кенжекыз...
12 июня 2026 14:28
Жаркын
Какая молодец, девушка из казахских степей Галина! Ее яркий творческий и целеустремленный, в то же время позитивный...
19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...