Тілеубердиева Фатима

Рейтинг:
Ұстаз-ана
     
      ССР кезінде Орта Азия елдерінде атағы кеңінен жайылып, тарихы кеңінен таралған Тәжікстан елінің шертер сыры мен тарихы бөлек. Сол жылдары біреуі оқуға, енді бірі жұмыс жасауға келіп, отбасын құрып тұрақтап қалса, кейбірі жер аударылып келген қазақтар.Кенеттен орнаған Кеңес билігінің құрығына ілінген қазақтар да Тәжік елінде де баршылық. Міне, осындай тарихы терең Тәжікстан елінің топырағында, Ленинабат атты облысының Матчин ауданына қарасты Құрсай ауылында Тілеубердиева Фатима Сманқызы атты еңбексүйгіш, білімге құмар, қайсар қыз дүние есігін ашады.Фатима Сманқызының өз сөзінен: «СССР кезінде 15 одақ бірге еді ғой,әкем Сман Әзімұлы 1930 жылы туылған, соғыс жылдарынан кейінгі бозбала ата - анасының үлкені, өзінен кейін 3 інісі, 1 қарындасы қызылшадан шетінеп кетеді.Әкеден тұңғыш ұл Сман мен кенже қыз Рахима қалады.Әкем үйдің үлкені ата-анасына жаны ашып, оқу орнын таңдағанда шәкіртақы қай оқу орны көп береді деп тізімді қарап шығып, Таукен училищеге құжат тапсырады. Бітірген соң Тәжікстанға жолдамамен жас маманды шахтаға жібереді. Ата-анасы жалғыз ұл мен қыз көзімнің ағы мен қарасы деп артынан барады. Сол жақта Түлкібастың тумасы, таудың қызы Жаңыл Ақылбекқызына үйленіп, біз дүниеге келген екенбіз. Кейін атамыз бен апамыз елге қайтамыз деп, елімізге келіп мектепке бардық. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген шығар көреген көз қариялар»-дейді.
      Фатима Сманқызы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Совет селосына қарасты мектепте алғаш сауатын ашып, 1973 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. Жасынан білімге зерек, ұмтылысы мен талабы бөлек Фатима Шымкент қаласындағы Педагогикалық институтқа оқуға түсіп, «Бастауыш сынып педагогика және методика» мамандығы бойынша білім алып, 1977 жылы бітіреді. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, сегіз қырлы бір жан иесі білімін одан әрі толықтырып, 1983 жылы Шымкенттегі педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, оны да абыройлы меңгеріп, зор маман иесі боп атанып шығады. Әрқашан алда болған, болашағы зор маман Фатима Сманқызын өзі ұшқан алтын орда мектебі қуана қарсы алып, киелі білім шаңырағына ұстаз болып орналасады. Осындай жауапты үздіксіз еңбек жолында шәкірттер мен кішкене бүлдіршіндерді тәрбиелей жүріп, біраз жетістіктер мен абыройлы қызметтер де атқара білді. «Алтын қылыш сандықта жатпас»-дегендей, жүзі жарқын, білікті маман ұстаздық қыз-метін жоғары деңгейде атқарып, әдіскерден меңгерушіге айналған сыйлы басшы қызметіне дейін жоғарлады. Әрине, мұндай абыройлы қызмет иесіне Фатима апай бірден қол жеткізе қоймады. Маңдай терімен үздіксіз білім саласында толағайдай жетістікке толы іс- тәжірибесімен, ұлтын сүйген қазақтың іскер қызы ретінде жете білді. Білім саласы мен өскелең ұрпағын тәрбиелеу жолында 40 жыл сүбелі еңбек ету – нағыз майталман маманның, өз мамандығын шексіз сүйген жанның қолынан ғана келетіні анық. Міне, осындай ізденіс пен табанды еңбегінің арқасында біраз жетістік пен халық құрметіне бөленіп, білім саласының өркендеуіне үлкен үлесін қосып, зор абыроймен зейнеткерлікке шықты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - дегендей ел игілігі мен ұрпақтың өнегелі тәрбие алуы үшін зейнет жасына жетсе де, қол қусырып отырмай, ұлт саулығы мен діні, тілі, тәрбиесі үшін жекеменшік «Гауһар» атты 75 орындық балабақша ашып, өз өнегесі мен тәлімін 75 жас бүлдіршін мен тәрбиешілерге үйретіп, 18 адамды жұмыспен қамтып, мол сауапқа кенеліп отырған іскер жан десе де болады. Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, қай кезде де болса да ата-дәстүр салтымызды насихаттайтын Фатима әжейдің есімі телеарналарға да таныс бола бастады. Қаймағы бұзылмаған салтымызды насихаттау үшін ШТВ арнасында дайындалған «Шаңырақ» тележобасындағы «Ене мен келін» тақырыбының шығармашылық құрамына ат салысып, біршама тәлімі мол дүниелердің жастарға сілтей көрінуіне себепкер болды. Ұлттық мұра, ұлттық дәстүр десе, сүйсіне сыр шертетін Фатима Сманқызының Наурыз мерекесінде сахнаны «Сәукеле» үлгісінде декорациялық безендіру бастамасы ерекше үлгіде болып, жоғары бағаға ие болды. Өйткені, Фатима әжей ұлттық құндылығымызды ұрпақ тәрбиесіне сіңіріп, «Рухани Жаңғыру» негізінде насихаттау шеберлігі елден ерек көрінетін кемеңгер ұстаз-ана! Ұлағаты барша жұртқа үлгі болған сыйлы әже бүгінде облыстық ардагерлер жанынан құрылған «Әжелер кеңесінің» белді мүшесі. Жанұялық сайыс не отбасылық тәрбиеге толы іс-шаралардың бір де бірі Фатима әжейдің төрелігі мен кеңесінсіз өтпейді десе де болады. Шынында да, ұлы қызметтен өрісі кеңейіп, өнегелі жанға айналған Фатима әжейдің жеткен жетістігі мен өмірі ғибратқа толы. Әсіресе, ұлттық педагогикамызды насихаттап, бала бойына нәрлендіре сіңіру үшін шығармашылыққа ден қойып, жаңашылдықтан қалыс қалмай, түрлі заманға сай технологияларды еркін меңгеріп, дәл бүгінге дейін ұрпақ санасына сіңіріп, тәлімін көрсетуі– мақтан етерлік өнегелі іс.Ізгілікке толы қайырымды ісінің нәтижесінде еңбегі бағаланып, жемісін теріп, зейнетін көрді. Ел құрметіне ие болып, халық қалаулысы атанды. Сондай нәтижеге толы зор еңбегінің бірі Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2010 жылы «Құрмет Грамотасымен» марапатталуы. 2011 жылы еңбегі еселеніп, Елбасымыздың «Алғыс Хатын» иеленеді. Ел игілігі мен жас ұрпақ үшін жасалып жүрген игі істері назардан тыс қалмай, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген ерен еңбегі үшін» медаліне ие болады. Қазастан Республикасы Президентінің 2011 жылғы қараша айында шыққан жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.Үнемі ізденісті, жаңашылдықты қалап, қашан да қайырымға толы ізгі істерін көрсетіп жүрген шебер ұстазға 2012 жылы Шымкент қалалық білім беру мекемесі «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісін тақты. Еңбегі өлшеусіз жанның есімі мемлекеттер бойынша шығатын «Үздік есімдер атты энциклопедия-лық жинаққа № 2230 02.03.2012 жылы еніп, құрмет белгісімен марапатталып, тізіміне енген. 2006-2013 жылдар арасында өзі жетекшілік ететін балабақша Шымкент қаласындағы ең үздік тәрбие беру мекемесі қатарынан алда көрінді. Сондай табысқа толы нәтижелі еңбегінің жемісі болар, әрбір ұстаздың арманына айналған «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгісін зор еңбегінің нәтижесінде, білім саласындағы елеулі үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің шешімімен №36,24.01.2013 жылы марапатталады. 2016 жылы Білім және ғылым министрінің ТәуелсізҚазақстанымыздың өркендеу мен әлеуметтік дамуы жолында қосқан үлесі үшін «Құрмет Грамотасына» ие болып, тағы бір мәрте шеберлігі мен іскерлігін көрсете білді. Бар саналы ғұмырын өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеуде қажыр-қайратын аямаған кемеңгер жанның берекелі шаңырағы – атақты Төле би бабамыздың ұрпағы екен. Иә, қаны қазақ, тегі кемеңгер Фатима ұстаз-ананың мықтылығы мен даралығы 
      Тілеубердиевтер әулетінің тектілігінде жатыр. Әулеті өсіп-өніп, тамыры тереңге жайылған отбасы Түркістан облысының ең сыйлы шаңырағы. Құдай қосқан жары Абибулла Тілеубердиев те қайратты еңбектің адамы. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп, совхоз директоры қызметіне дейін көтеріліп, ерен еңбегімен аудан асып, облысқа еңбегі сіңген абыройлы азамат. Шаттыққа толы берекелі шаңырағында алтын асықтай, ел қорғайтын төрт ұл тәрбиелеп өсірген бақытты ата-ана. Бар өнегесі мен тәлімін бойларына сіңірген қайсар ұлдары да елге сыйлы қызмет істеп, еңбек етуде. Абибулла атамыз бен Фатима әжейдің ұрпағы мәуелі бәйтеректің тамырындай тереңге жайылып, төрт ұлынан бүгінде жиырмаға жуық немере сүйіп отыр.
      Еңбектің жемісін көріп, қартайғанда дәулеті мен зейнетін көру деген осы болар бәлкім?! 
      Фатима Сманқызы – үздіксіз еңбегі мен қажырлы қайратының арқасында талай биік белестерге жетіп, ұлт қамы үшін қазақилық қасиет пен салт-сананы дәріптеп, еліне сыйлы болып, құрметке бөленген өнегелі жан.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
12 февраля 2021 21:45
Закира

Фатима Тлеубердиева лайық жан.
12 февраля 2021 21:40
Zakira

Фатима Тлеубердиева достойная личность.
12 февраля 2021 21:37
Zakira

Голосую за Фатиму Тлеубердиеву
12 февраля 2021 21:32
Закира

Даусымды Тлеубердиева Фатима Сманкыщына берём.
12 февраля 2021 21:26
Закира

Голосую за Фатиму Тлеубердиеву
12 февраля 2021 21:01
Эльмира

Сіздің білім беру саласы мен ғылым жолында жеткен жетістіктеріңізді әлем деңгейінде бағалап,мерейіңізді үстемде отырғаны мен шын жүректен құттықтаймын!Біз сізді мақтан етеміз.Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.Халықтың ыстық ықыласына бөленетін тұлғасыз!Әрқашан да биік шыңдардан көрініңіз,абыройыңыз асқақтай берсін!Сондықтан Өзіңізге зор денсаулық,отбасыңызға амандық,осылай абырой биігінен ұзағынан көрініп жүре беріңіз деп тілеймін!
12 февраля 2021 20:59
Жанат

Молодец!🍀🍀🍀🍀🍀
12 февраля 2021 20:57
Нұрлыхан

Сәттілік тілеймін! 
12 февраля 2021 20:48
Сайлиха

Мен Фатима ханымды, керемет Ана, әулеттің көшбасшысы, отбасының үйытқысы, адал еңбекқор жан деп білемін. Сәттілік тілеймін Алладан!
12 февраля 2021 20:44
Сайлиха

Керемет ана!
Керемет жан! Өз еңбегінің адал көшбасшысы. Отбасының үйытқысы деп білемін Фатима ханымды!
Сізге сәттілік тілеймін Алладан!
12 февраля 2021 20:23
Эльмира

Еткен енбегиниздын жумысы бул аман болыныз.👍👍👍👍
12 февраля 2021 19:43
Жасұлан

Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсем де, әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген, қадірлі де құрметті  ұстазым, сынып жетекшім болған  Фатима Сманқызына жылы лебізімді шексіз. "Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі", “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт болып қалыптастық. Сол үшін Сізге зор алғысымды білдіремін!
Сізге қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізге , өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз!
12 февраля 2021 19:09
Bolatbek

Керемет ұстаз
12 февраля 2021 17:46
Айгүл

**

Фатима ханым!!! Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздық еңбегіңіз еселеніп,абройыңыз арта берсін,Абекең екеуіңіз шөбере сүйіп алақанынан май жалауға алла насип етсін.Біз сізге сенеміз
12 февраля 2021 17:29
Елдос

👍👍👍Жарайсыз. Керемет жан! 
12 февраля 2021 17:27
Айгуль

  • Мықты тұлға
12 февраля 2021 17:24
Ruslan Nagmbek

оте жаксы галымды мугалим!
12 февраля 2021 17:00
Шолпан

Фатима апайымыздың білім саласына сіңірген еңбегі мол. Әлі де қызмет жасап келеді. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау жолында да жас мамандарға үнемі кеңестерін беріп жүреді. 
12 февраля 2021 16:51
Лаззат

Алла жар болсын!!!
12 февраля 2021 16:46
Мадина

Алла жар болсын! 

12 февраля 2021 16:40
Меруерт

Ұлағатты ұстаз, ардақты ана.
12 февраля 2021 15:43
Аманулла

Ұлағатты ұстаз анамызға 1000 алғыс!!!

Последние комментарии

13 июля 2026 13:54
Кульжами Есимхановна
Прочитала с большим уважением к человеку чье имя внесено в летопись золотой книги Казахстана, своему шефу, Кенжекыз...
12 июня 2026 14:28
Жаркын
Какая молодец, девушка из казахских степей Галина! Ее яркий творческий и целеустремленный, в то же время позитивный...
19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...