Тілеубердиева Фатима

Рейтинг:
Ұстаз-ана
     
      ССР кезінде Орта Азия елдерінде атағы кеңінен жайылып, тарихы кеңінен таралған Тәжікстан елінің шертер сыры мен тарихы бөлек. Сол жылдары біреуі оқуға, енді бірі жұмыс жасауға келіп, отбасын құрып тұрақтап қалса, кейбірі жер аударылып келген қазақтар.Кенеттен орнаған Кеңес билігінің құрығына ілінген қазақтар да Тәжік елінде де баршылық. Міне, осындай тарихы терең Тәжікстан елінің топырағында, Ленинабат атты облысының Матчин ауданына қарасты Құрсай ауылында Тілеубердиева Фатима Сманқызы атты еңбексүйгіш, білімге құмар, қайсар қыз дүние есігін ашады.Фатима Сманқызының өз сөзінен: «СССР кезінде 15 одақ бірге еді ғой,әкем Сман Әзімұлы 1930 жылы туылған, соғыс жылдарынан кейінгі бозбала ата - анасының үлкені, өзінен кейін 3 інісі, 1 қарындасы қызылшадан шетінеп кетеді.Әкеден тұңғыш ұл Сман мен кенже қыз Рахима қалады.Әкем үйдің үлкені ата-анасына жаны ашып, оқу орнын таңдағанда шәкіртақы қай оқу орны көп береді деп тізімді қарап шығып, Таукен училищеге құжат тапсырады. Бітірген соң Тәжікстанға жолдамамен жас маманды шахтаға жібереді. Ата-анасы жалғыз ұл мен қыз көзімнің ағы мен қарасы деп артынан барады. Сол жақта Түлкібастың тумасы, таудың қызы Жаңыл Ақылбекқызына үйленіп, біз дүниеге келген екенбіз. Кейін атамыз бен апамыз елге қайтамыз деп, елімізге келіп мектепке бардық. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген шығар көреген көз қариялар»-дейді.
      Фатима Сманқызы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Совет селосына қарасты мектепте алғаш сауатын ашып, 1973 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. Жасынан білімге зерек, ұмтылысы мен талабы бөлек Фатима Шымкент қаласындағы Педагогикалық институтқа оқуға түсіп, «Бастауыш сынып педагогика және методика» мамандығы бойынша білім алып, 1977 жылы бітіреді. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, сегіз қырлы бір жан иесі білімін одан әрі толықтырып, 1983 жылы Шымкенттегі педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, оны да абыройлы меңгеріп, зор маман иесі боп атанып шығады. Әрқашан алда болған, болашағы зор маман Фатима Сманқызын өзі ұшқан алтын орда мектебі қуана қарсы алып, киелі білім шаңырағына ұстаз болып орналасады. Осындай жауапты үздіксіз еңбек жолында шәкірттер мен кішкене бүлдіршіндерді тәрбиелей жүріп, біраз жетістіктер мен абыройлы қызметтер де атқара білді. «Алтын қылыш сандықта жатпас»-дегендей, жүзі жарқын, білікті маман ұстаздық қыз-метін жоғары деңгейде атқарып, әдіскерден меңгерушіге айналған сыйлы басшы қызметіне дейін жоғарлады. Әрине, мұндай абыройлы қызмет иесіне Фатима апай бірден қол жеткізе қоймады. Маңдай терімен үздіксіз білім саласында толағайдай жетістікке толы іс- тәжірибесімен, ұлтын сүйген қазақтың іскер қызы ретінде жете білді. Білім саласы мен өскелең ұрпағын тәрбиелеу жолында 40 жыл сүбелі еңбек ету – нағыз майталман маманның, өз мамандығын шексіз сүйген жанның қолынан ғана келетіні анық. Міне, осындай ізденіс пен табанды еңбегінің арқасында біраз жетістік пен халық құрметіне бөленіп, білім саласының өркендеуіне үлкен үлесін қосып, зор абыроймен зейнеткерлікке шықты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - дегендей ел игілігі мен ұрпақтың өнегелі тәрбие алуы үшін зейнет жасына жетсе де, қол қусырып отырмай, ұлт саулығы мен діні, тілі, тәрбиесі үшін жекеменшік «Гауһар» атты 75 орындық балабақша ашып, өз өнегесі мен тәлімін 75 жас бүлдіршін мен тәрбиешілерге үйретіп, 18 адамды жұмыспен қамтып, мол сауапқа кенеліп отырған іскер жан десе де болады. Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, қай кезде де болса да ата-дәстүр салтымызды насихаттайтын Фатима әжейдің есімі телеарналарға да таныс бола бастады. Қаймағы бұзылмаған салтымызды насихаттау үшін ШТВ арнасында дайындалған «Шаңырақ» тележобасындағы «Ене мен келін» тақырыбының шығармашылық құрамына ат салысып, біршама тәлімі мол дүниелердің жастарға сілтей көрінуіне себепкер болды. Ұлттық мұра, ұлттық дәстүр десе, сүйсіне сыр шертетін Фатима Сманқызының Наурыз мерекесінде сахнаны «Сәукеле» үлгісінде декорациялық безендіру бастамасы ерекше үлгіде болып, жоғары бағаға ие болды. Өйткені, Фатима әжей ұлттық құндылығымызды ұрпақ тәрбиесіне сіңіріп, «Рухани Жаңғыру» негізінде насихаттау шеберлігі елден ерек көрінетін кемеңгер ұстаз-ана! Ұлағаты барша жұртқа үлгі болған сыйлы әже бүгінде облыстық ардагерлер жанынан құрылған «Әжелер кеңесінің» белді мүшесі. Жанұялық сайыс не отбасылық тәрбиеге толы іс-шаралардың бір де бірі Фатима әжейдің төрелігі мен кеңесінсіз өтпейді десе де болады. Шынында да, ұлы қызметтен өрісі кеңейіп, өнегелі жанға айналған Фатима әжейдің жеткен жетістігі мен өмірі ғибратқа толы. Әсіресе, ұлттық педагогикамызды насихаттап, бала бойына нәрлендіре сіңіру үшін шығармашылыққа ден қойып, жаңашылдықтан қалыс қалмай, түрлі заманға сай технологияларды еркін меңгеріп, дәл бүгінге дейін ұрпақ санасына сіңіріп, тәлімін көрсетуі– мақтан етерлік өнегелі іс.Ізгілікке толы қайырымды ісінің нәтижесінде еңбегі бағаланып, жемісін теріп, зейнетін көрді. Ел құрметіне ие болып, халық қалаулысы атанды. Сондай нәтижеге толы зор еңбегінің бірі Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2010 жылы «Құрмет Грамотасымен» марапатталуы. 2011 жылы еңбегі еселеніп, Елбасымыздың «Алғыс Хатын» иеленеді. Ел игілігі мен жас ұрпақ үшін жасалып жүрген игі істері назардан тыс қалмай, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген ерен еңбегі үшін» медаліне ие болады. Қазастан Республикасы Президентінің 2011 жылғы қараша айында шыққан жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.Үнемі ізденісті, жаңашылдықты қалап, қашан да қайырымға толы ізгі істерін көрсетіп жүрген шебер ұстазға 2012 жылы Шымкент қалалық білім беру мекемесі «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісін тақты. Еңбегі өлшеусіз жанның есімі мемлекеттер бойынша шығатын «Үздік есімдер атты энциклопедия-лық жинаққа № 2230 02.03.2012 жылы еніп, құрмет белгісімен марапатталып, тізіміне енген. 2006-2013 жылдар арасында өзі жетекшілік ететін балабақша Шымкент қаласындағы ең үздік тәрбие беру мекемесі қатарынан алда көрінді. Сондай табысқа толы нәтижелі еңбегінің жемісі болар, әрбір ұстаздың арманына айналған «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгісін зор еңбегінің нәтижесінде, білім саласындағы елеулі үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің шешімімен №36,24.01.2013 жылы марапатталады. 2016 жылы Білім және ғылым министрінің ТәуелсізҚазақстанымыздың өркендеу мен әлеуметтік дамуы жолында қосқан үлесі үшін «Құрмет Грамотасына» ие болып, тағы бір мәрте шеберлігі мен іскерлігін көрсете білді. Бар саналы ғұмырын өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеуде қажыр-қайратын аямаған кемеңгер жанның берекелі шаңырағы – атақты Төле би бабамыздың ұрпағы екен. Иә, қаны қазақ, тегі кемеңгер Фатима ұстаз-ананың мықтылығы мен даралығы 
      Тілеубердиевтер әулетінің тектілігінде жатыр. Әулеті өсіп-өніп, тамыры тереңге жайылған отбасы Түркістан облысының ең сыйлы шаңырағы. Құдай қосқан жары Абибулла Тілеубердиев те қайратты еңбектің адамы. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп, совхоз директоры қызметіне дейін көтеріліп, ерен еңбегімен аудан асып, облысқа еңбегі сіңген абыройлы азамат. Шаттыққа толы берекелі шаңырағында алтын асықтай, ел қорғайтын төрт ұл тәрбиелеп өсірген бақытты ата-ана. Бар өнегесі мен тәлімін бойларына сіңірген қайсар ұлдары да елге сыйлы қызмет істеп, еңбек етуде. Абибулла атамыз бен Фатима әжейдің ұрпағы мәуелі бәйтеректің тамырындай тереңге жайылып, төрт ұлынан бүгінде жиырмаға жуық немере сүйіп отыр.
      Еңбектің жемісін көріп, қартайғанда дәулеті мен зейнетін көру деген осы болар бәлкім?! 
      Фатима Сманқызы – үздіксіз еңбегі мен қажырлы қайратының арқасында талай биік белестерге жетіп, ұлт қамы үшін қазақилық қасиет пен салт-сананы дәріптеп, еліне сыйлы болып, құрметке бөленген өнегелі жан.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
18 февраля 2021 13:53
Рысбике

Біз сенің еңбек сүигіштігінді от басыңның ұиыткысы екеніңді өзымізге үлгі түтамыз сені мақтан етеміз әліде халыққа адал қызмет ететініңе сенеміз  жас ұрпаққа үиретерің көп үлгілі анасың  Болашақ ұрпағымыз қазақи әдеп ғұрыпымызбен ұлттық қадір қасиетімізды ұмытпас үшінде Фатимадай үлгілі аналарымызды қолдауымыз керек АҒАЙЫН!
17 февраля 2021 12:11
Гулдария

Әрқашанда жеңіс қолыңызда болсын !
17 февраля 2021 10:11
Алтын

Сәттілік серігіңіз болсын!
16 февраля 2021 23:25
Марат


Жарайсыз әпке.Биік белестерден көріне беріңіз.



16 февраля 2021 23:25
Шолпан

Фатима апайымыздың білім саласына сіңірген еңбегі мол. Әлі де қызмет жасап келеді. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау жолында да жас мамандарға үнемі кеңестерін беріп жүреді. 
16 февраля 2021 23:23
Марат

Жарайсыз әпке.Тек биік белестерден көріне
16 февраля 2021 23:22
Марат


Жарайсыз әпке,Тек биік белестерден көріне берініз.


16 февраля 2021 21:43
Патима

Сәттілік Фатима!
16 февраля 2021 16:23
Фатима


Ұлағатты ұстаз, ардақты ана, асыл əже! 
16 февраля 2021 15:58
Иклила

  • керемет!!оте гылымды устаз екенсиз!❤️
16 февраля 2021 15:41
Шакир

Саттилик тилеймин 
16 февраля 2021 15:40
Забира

Керемет устаз
16 февраля 2021 15:27
Юлдузхан

Фатима апай аллажар болсын быз сызды мактан етемыз🖒🖒🖒🖒🖒
16 февраля 2021 15:18
Толғанай

Жеңісіңіз көп болсын
16 февраля 2021 14:50
Айгуль

[hide]
Фатима апай оте керемет устаз меним еки балам Гаухар атты балабакшага барады .Бул бакшаны баскарып отырган апайга Рахмет
16 февраля 2021 14:42
Бакыт

Фатима  ханым еңбегиңиздин жемисин коруге əбден лаиыкты жансыз сиздеи каисар еңбеккор кыздарымыз коп болсын.
16 февраля 2021 14:35
Arailym

Абыройыңыз асқақтай берсін!
16 февраля 2021 14:34
Arailym Ergesh

Еңбегіңіз жана берсін! Мен сізге дауыс беремін!
16 февраля 2021 14:33
Улман

Фатима ханым сіздің тәжірибелі де абыройлы ұстаздық қызметіңіздің жемісін көріпалдағы өміріңізде шаршамай,талмай еңбек ете беруіңізге тілектес 40 жыл ұстаздық еткен апаңыз Ұлман үлкен табыс тілейді
16 февраля 2021 14:25
Балнұр Сыздықова

Фатима апай сәттілік серігіңіз болсын! Білім жолындағы еңбегіңіз еселене берсін! 
16 февраля 2021 14:11
Улман

Фатима ханым сіздің тәжірибелі де абыройлы ұстаздық қызметіңіздің жемісін көріп,алдағы өміріңізде шаршамай,талмай биіктерден көріне беруіңізге тілектес 40 жыл ұстаздық еткен Ұлман апаңыздан үлкен тілек жолдаймын!
16 февраля 2021 14:08
Марина

Құрметті, Фатима Сманқызы!! Сіз үшін қуаныштымын!! Ақылды басшы, Әже, Ана!! Кереметсіз!! Еңбегіңіз биіктерде көріне берсін!!🥰💐
16 февраля 2021 13:49
Багила

Енбегиниз елене берсин!
16 февраля 2021 13:38
Әдемі

Еңбегіңіз бағалана берсін 
16 февраля 2021 13:24
АЙГУЛ

Фатима Смановна сіз салмақты да сабырлы мінезіңізбен, көрегенділігіңізбен ерекше орны бар меңгеруші бола білген жансыз.  Абыройыңыз асқақтап , биіктен көріне беріңіз! 
16 февраля 2021 13:20
Асадулла

Ұлағатты ұстаз, ардақты ана.
16 февраля 2021 13:20
Бораш

Ұстаз - ұлы есім!
Қолдаймын
16 февраля 2021 13:08
Акмырза

Ыбырай атамыздың салған сара жолын ұстанған ұлы тұлғалардың есімі жадымызда сақтаулы. Сіздің сіңірген еңбегіңіз арқасында сізді ешкім ұмытпайды... Фатима апамыздай ұлағатты ұстаздар ләйім көп болғай
16 февраля 2021 12:47
Бораш

Ұсздық еткен балаға деп бекер айтылмаған. Сондықтан ұстаз-ана Фатима бұл атаққа лайықты
16 февраля 2021 12:25
Нұргүл

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Ұлағатты ұстаз Фатима Сманқызы да жас ұрпақтың санасына сыналай енгізіп, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге үйреткен аяулы ұстаз.Болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан ұстаздарымыз аман болсын.

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...