ҚР Ішкі істер органдары саласының Астана қаласы ПД Байқоңыр ауданы
ПБ ҚҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны, «Отан. Абырой. Ерлік. Міндет» медалінің иегері
Әке жолы – аманат
«Әке көрген оқ жонар» дейді дана қазақ. Бұл сөз кейбір жандарға жай тәмсіл болса, кейбір тағдырлар үшін өмірлік бағдарға айналады. Сондай тағдыр иесінің бірі – полиция капитаны Мирзаев Қуаныш Нұржігітұлы. Оның ғұмыр жолы – әкенің адал қызметі мен ұлдың азаматтық борышы тоғысқан, ауыр да ардақты жол.
![]()
Қуаныш Нұржігітұлы 1984 жылы 1 қарашада Өзбекстан Республикасы, Жиззах облысы, Мырзашөл ауданы, Гагарин қаласында дүниеге келді. Бұл өңір – еңбегімен еңсе көтерген, тірлігімен тірек болған жандарды түлеткен мекен. Қуаныштың балалық шағы да сол даладай кең, бірақ тағдырдай қатал ортада өтті.
Оның әкесі – Мирзаев Нұржігіт Жолтайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 1965 жылдың 13 шілде күні дүниеге келген. Ел үшін туған ердің өмір жолы – нағыз қызмет адамына тән ғұмыр. Нұржігіт Жолтайұлы Өзбекстан Республикасы Жиззах облысының Пахтакор, Достық, Арнасай қалаларында әр жылдары жедел уәкіл, тергеуші, көші-қон қызметкері, учаскелік полиция инспекторы лауазымдарында абыроймен еңбек етті.
Заң мен тәртіпті күзету – әркімнің жүрегі дауалай бермейтін жауапты іс. Ал сол жолда адал болу нағыз азаматтың ғана қолынан келеді. Нұржігіт Жолтайұлы үшін қызмет – мансап емес, ел алдындағы борыш еді. Ол қай лауазымда жүрсе де әділдіктен айнымады, заңға сүйеніп, халыққа қалқан бола білді.
Алайда «ердің құны – ел үшін» дегендей, 2005 жылы Нұржігіт Жолтайұлы ұйымдасқан қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Бұл бір әулет үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін ауыр қаза еді. Әке өлімі жас Қуаныштың өмірін екіге бөлді: бірі – алаңсыз балалық, екіншісі – жауапкершілік жүгін ерте арқалаған азаматтық кезең.
![]()
Әкесінен ерте айырылу қандай балаға да ауыр. Бірақ сол қасірет Қуаныштың жігерін жаншып тастамады, керісінше, оны қайрап, өмірлік мақсатын айқындап берді. «Әкемнің жолын жалғаймын» деген серт сол кезде жүрегінде бекіді.
Тағдыр кейде адамға бәрін бірдей ұстата бермейді: бір қолымен берсе, екінші қолымен тартып алатындай. Қуаныш Нұржігітұлының өмір жолында сондай бір үнсіз бос орын бар – ол ана бейнесі. Анасы Ибрагимова Гүлзада Елемесқызы Өзбекстан Республикасы, Жиззах облысы, Мырзашөл ауданында дүниеге келген. Әкесі мен анасы ерте ажырасып кеткеннен кейін, Қуаныш ана мейірімін толық сезініп үлгермеді. Балалық шағында-ақ тағдыр оны екіге бөлінген өмірдің ортасына тастады. Әке бар еді – қатал да әділ, талапшыл да мейірлі. Ал ана бейнесі уақыт өткен сайын көмескіленіп, жадта көмескі елеске айналды.
Бүгінде Қуаныш анасын білмейді. Бұл жай ғана «байланыс үзілді» деген сөз емес. Бұл – жүректе сұрақ болып қалған, бірақ жауапсыз қалған бір тағдырлық үзіліс. Анасы бар екенін білу бір басқа, ал оны көрмей өсу – басқа. Ол – баланың жүрегінде үнсіз ғана сыздап жататын сағыныш. Ол бұл жайында көп айтпайды. Себебі кейбір ауыр шындықты сөзбен емес, сабырмен көтерген дұрыс. Анасы туралы әңгіме оның өмірінде өкпе емес, өкінішке де айналмаған. Ол бұл тағдырды қабылдады. Қабылдады да, әке тәрбиесіне, әке аманатына берік болды.
Әке Қуанышқа әрі әке, әрі ана бола білді. Сол себепті болар, ол өмірде жетіспеген мейірімді кейін өз
![]()
балаларына артығымен беруге тырысады. Бір қыз бен екі ұлын бауырына басқанда, өзі көрмеген жылулықты соларға сезіндіруді парыз санайды. Кейде адамды толықтыратын нәрсе бар дүние емес, жоқтың орны. Қуаныштың бойындағы сабыр, ұстамдылық, ішкі беріктік – сол жоқтың орнын толтырудан туған мінез. Ана туралы үнсіздік оның өмірінде әлсіздік емес, керісінше, ішкі төзімнің белгісі. Тағдыр салған осы бір сынақ оны мұқалтпады, қайта шыңдады. Жеке басындағы жараны қоғамға қызмет ету арқылы емдеген азаматтың жолы осылай қалыптасты.
Қуаныш Нұржігітұлы 2001 жылы №3 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті тәмамдады. Білімге ұмтылған жас жігіт 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, «Заңтану» мамандығын игерді. Таңдаған мамандығы – жүрек қалауынан туған шешім. Өйткені ол үшін заң – құр қағида емес, әділдіктің тірегі, қоғам тыныштығының кепілі.
2010 жылы ОҚО Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан (ҚІЖБ) әскери қызметке шақырылып, ІІМ Ішкі әскерінің №6636 әскери бөлімінде азаматтық борышын 2011 жылы абыроймен атқарды.
Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, Қуаныш Нұржігітұлы өмір жолын көп ойланбай-ақ таңдады. Әке жолы оның өмірлік бағытына айналды. 2016–2022 жылдар аралығында ҚР ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінде қызмет атқарды. 2022 жылдан қазіргі таңға дейін Астана қаласы Полиция
![]()
департаменті Байқоңыр ауданы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінде учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарады. Полиция капитаны шеніндегі бұл қызмет үлкен сенім мен зор жауапкершілікті талап етеді.
Учаскелік инспектор – халыққа ең жақын қызмет иесі. Ол – тұрғынның мұңын тыңдайтын, дау-жанжалдың алдын алатын, тәртіптің тірегіне айналатын тұлға. Қуаныш Нұржігітұлы осы міндетті абыроймен атқарып келеді. Қарапайымдылығы мен принципшілдігі, сабырлылығы мен талапшылдығы оны әріптестері арасында да, халық арасында да сыйлы етті.
«Тәртіпке бағынған құл болмайды» дейді халық. Ал тәртіптің сақшысы болу – екінің біріне бұйыра бермейтін мәртебе. Қуаныш Нұржігітұлы осы мәртебені күн сайын адал еңбегімен дәлелдеп жүр.
Отбасы – азаматтың алтын тұғыры. Қуаныш Нұржігітұлы жары Үстемірова Балнұр Аймаханбетқызымен тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Олар – бір қыз, екі ұлды тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Қызы Нұржігітова Гүлсезім Қуанышқызы 10.05.2013 жылы Өзбекстан Республикасында, Жиззах облысы, Мырзашөл ауданы, Гагарин қаласында дүниеге келген. Ұлы Нұржігіт Асылхан Қуанышұлы 12.04.2015 жылы, Нұржігіт Айсұлтан Қуанышұлы 13.03.2017 жылы Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласында дүниеге келді. Балаларына ең алдымен адамгершілік пен адалдықты, елге қызмет етудің қадірін үйретіп келеді. Әке үшін ең үлкен мұрат – өзінен кейінгі ұрпақтың елге пайдалы азамат болып өсуі.
![]()
Қуаныштың қызметтегі адал еңбегі елеусіз қалған жоқ. Полиция капитаны Қуаныш Нұржігітұлы ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 08.12.2022 жылғы №531 бұйрығымен «Отан. Абырой. Ерлік. Міндет» медалімен, ҚР Жоғары сотының Алғыс хатымен, ҚР Конституциялық Кеңесі Аппараты басшысының құттықтауымен, ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Е. Сәденовтің Алғыс хатымен және Астана қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл – бір адамның ғана емес, тұтас әулеттің маңдайына жазылған мәртебе. Марапат – әке рухына тағзым, ұлдың адалдығына берілген баға десек, артық айтпаған болар едік.
Қуаныш Нұржігітұлы – екі әлемнің ортасын тең ұстай білген азамат. Қызметте ол – заңның өкілі, тәртіптің тірегі, жауапкершіліктің жүгін иығына көтерген полиция капитаны. Ал күнделікті өмірде – жұрттан бөлектенбейтін, дабырадан аулақ, қарапайым қалпынан айнымайтын жан. Иә, заң саласына келген
![]()
әр адам бұл жолдың жеңіл еместігін біледі. Ал сол қиындыққа мойымай, жылдар бойы бір бағыттан таймай қызмет ету мінездің мықтылығын талап етеді.
Қуаныш Нұржігітұлы үшін заң – қағаздағы баптар жиынтығы емес, ол – қоғамдағы тепе-теңдікті сақтайтын тірек.
Учаскелік полиция инспекторы ретінде ол күн сайын адамдардың тағдырымен бетпе-бет келеді: бірі – тұрмыстық дау, бірі – көршілер арасындағы кикілжің, енді бірі – қылмысқа ұласуы мүмкін жағдай. Осындай сәттерде Қуаныш Нұржігітұлы салқынқандылықты сақтайды. Ашуға ерік бермейді, бірақ талаптан да таймайды. Ол үшін ең маңыздысы – мәселені ушықтырмай, заң аясында әділ шешу. Қызмет барысында ол қағазға емес, адамға қарауға тырысады. Заңды орындау мен адам тағдырын ескеру арасындағы нәзік тепе-теңдікті ұстай біледі. Әр істі тек міндет деп емес, жауапкершілік деп қабылдайды. Сондықтан да ол әріптестері арасында сенімге ие, ал тұрғындар арасында сөзі өтімді.
Қуаныш Нұржігітұлы үшін қызмет – күннің белгілі бір уақытында ғана киіп, шешіп қоятын форма емес, ол – өмір салты. Сол қызметте жүріп әкесінің
![]()
адалдығын, әділдігін, батылдығын әрдайым еске алады. Сол себепті де шешім қабылдауда ар-ұятты бірінші орынға қояды.
Қызметтен тыс уақытта Қуаныш Нұржігітұлы көзге түсе бермейді. Ол атақ-даңққа ұмтылмайды, өз еңбегін өзі жарнамалауды білмейді де, қаламайды да. Көпшіліктің ортасында өзін жоғары қоймайды, керісінше, қатардағы азамат ретінде сөйлеседі. Жары Балнұр
Аймаханбетқызымен бірге балаларын тәрбиелеуде сабыр мен жауапкершілікті басты қағида етеді. Балаларына қаталдықпен емес, үлгімен әсер етуді жөн көреді. Себебі өзі де өмірді солай үйренген. Қарапайым өмір салты оның мінезін қалыптастырған. Ол сән-салтанаттан гөрі тұрақтылықты, даңғаза сөзден гөрі нақты істі жоғары қояды. Достарының айтуынша, Қуаныш – қиын сәтте қасынан табылатын, бірақ сол көмегін жария етпейтін адам.
Қоғамда «заң қызметкері қатал келеді» деген түсінік бар. Ал Қуаныш Нұржігітұлы сол қалыпты бұзатын тұлға. Қаталдығы – қызметте, ал адамгершілігі – өмірде. Ол осы екі қырды шатастырмай, әрқайсысын өз орнында ұстай біледі. Қуаныш Нұржігітұлының басты ерекшелігі – қызмет пен адамдық қасиеттің арасын ажырата алмауында емес,
![]()
қайта оларды үйлестіре білуінде. Ол заңды сақтай отырып, адамды жоғалтпауға тырысады. Қарапайым азамат бола отырып, тәртіптен айнымайды. Осындай тепе-теңдік – кез келгенге бұйыра бермейтін қасиет. Өмірдің өзі шыңдаған, тағдыр тәрбиелеген мінез бұл. Сондықтан да Қуаныш Нұржігітұлы – тек форма киген қызметкер емес, қоғам алдында да, отбасы алдында да өз орнын тапқан азамат.
Қуаныш Нұржігітұлы әкесі туралы көп сөйлей бермейді. Бірақ әке аты аталғанда, оның даусы бір сәтке бәсеңдеп, көзқарасы алыстап кететіндей болады. Себебі кейбір сағыныш сөзге сыймайды. «Әкем менің өмірімде көп болған жоқ, бірақ бар болғанының өзі тұтас бір ғұмырға жететіндей еді», – дейді ол бір сәт ойланып. Әкесін ол ең алдымен формада елестетеді. Таң атпай шығып, кеш бата оралатын. Кейде тіпті оралмай қалатын түндер де болатын. Бала Қуаныш үшін ол кезде сол кезек түсініксіз еді. Бірақ қазір сол түндердің артында ел тыныштығы тұрғанын біледі. «Әкем қызметін ешқашан дабыра қылған емес. Не істеп жүргенін сұрасам, «жұмыс» дей салатын. Кейін түсіндім: ол үшін қызмет – мақтан емес, міндет болған екен», – дейді Қуаныш.
«Әкем маған: «Адам бол. Қалғаны өзі келеді», – деп қана айтатын. Сол сөзді өмір бойы ұмытқан емеспін», – дейді ол. «Әкем қаза тапқанда, мен бірден есейіп кеткендей болдым. Сол күннен бастап мен үшін өмір басқа арнаға бұрылды. Бірақ әкемнің жолынан тайғым келмеді. Керісінше, соған лайық болғым келді».
Бүгінде өзі де полиция формасын кигенде, Қуаныш айнаға бір сәт қарап алады. Сол сәтте ол өзінен әкесінің бейнесін іздейтіндей. «Мен әкем сияқты болдым деп айта алмаймын. Бірақ әкем сияқты адал болуға тырысамын. Қызметте әділ болсам, соның өзі – әкеме деген құрметім шығар».
![]()
Қуаныш үшін әке – өткен шақта қалған естелік емес. Әке – әр шешімінде, әр таңдауда, әр жауапты сәтте жанында тұрған үнсіз ұстазы. «Әкем тірі болғанда не дер еді?». Ол бұл сұрақты өзіне жиі қояды және сол сұрақтан қателеспеуге тырысады. «Мен үшін әкем өлген жоқ. Ол – менің мінезімде, таңдаған жолымда, қызметімде тірі», – дейді Қуаныш.
Қуаныш мейірімнен кенде болған емес, ол жастайынан атасының тәрбиесін көріп өсті. Әкесінің әкесі – Мырзаев Жалтай Жорабекұлы (01.02.1931 ж.т.) – көнекөз, парасатты, сөзі салмақты жан еді. Ата тәрбиесі дауыс көтеруді қажет етпейтін, бірақ жүрекке терең бойлайтын мектеп болатын. Ол немересін құр еркелетіп қана қоймай, еңселі азамат болуға баулыды.
Жалтай атаның шаңырағы Қуаныш үшін нағыз пана болып, мұнда ол сабырлылықты, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетуді үйренді. Баланың адам болып қалыптасуына бұл кісінің ықпалы орасан болды.
Алайда уақыт ешкімді күтпейді: 1999 жылы Жалтай ата өмірден өтті. Бұл Қуаныш үшін тағы бір а
![]()
сқар таудың құлағанымен бірдей еді. Осындай ауыр кезеңде оған әкесінің інісі Нұрлан Жолтайұлы мен әпкесі Жиенкүл Жалтайқызы үлкен тірек болды. Олар жетімдіктің тауқыметін сездірмей, бауырын өз балаларындай бауырларына басты. Нұрлан Жолтайұлы Қуаныштың оқып, білім алуына, дұрыс бағыт таңдауына жол көрсетсе, Жиенкүл әпкесі оған анасындай қамқорлық танытты.
Бұл жай ғана туыстық парыз емес, жүректен шыққан шынайы мейірім еді. Жиенкүл әпкесі баланың ішкі жарасын жан-дүниесімен сезе білетін. Қуаныш ауыр сұрақтардың жауабын таппай қиналғанда, әпкесінің жылы құшағы мен мейірбан сөзі бәрін де ұмыттыратын. Оның білім алуы, ер жетуі және отау құруы – осы жандардың тікелей қолдауымен жүзеге асты. Олар Қуанышты тағдырдың сынына жалғыз тастамады.
2022 жылдың 20 қаңтарында Жиенкүл әпкесі дүниеден өтті. Қуаныш үшін бұл жай ғана туысынан айырылу емес, аналық мейірімнің үзілуі еді. Оның орны ешқашан толмаса да, берген тәрбиесі мен төккен мейірімі Қуаныштың бойында өшпес із болып қалды.
Қуаныштың азамат болып қалыптасуы – тұтас әулеттің еңбегі. Атаның сабыры, ағайынның жанашырлығы және әпкенің аналық махаббаты бір арнаға тоғысып, біртұтас тағдырды шыңдады. Мұндай тәрбие көрген жан тамырынан ажырамайды, жүрегі тасқа айналмайды. Қуаныш Нұржігітұлының өмір жолы әке аманатының қасиетті екенін дәлелдейді. Ол тағдыр теперішіне мойымай, ел тыныштығына қызмет етуді өмірінің басты мұраты етті.
Бүгінгі Қуаныш – кешегі әке үмітін арқалаған бала, бүгінгі қоғам сақшысы және ертеңгі ұрпаққа үлгі болар азамат. Ол өз балаларының да атақ-даңқ не байлыққа емес, ең алдымен ар-намысты биік қоятын тұлға болып өсуін тілейді. Балаларына үнемі: «Адамның ең үлкен байлығы – таза аты», – деп өсиет айтып отырады. Әке болу – тек асырау емес, дұрыс жол сілтеу екенін жақсы түсінеді. Өзіне бағыт берген атасының сабыры, әпкесінің мейірімі мен әкесінің аманаты енді оның жүрегі арқылы келесі ұрпаққа жалғасуда.
Мұндай азаматтар барда елдің іргесі берік, қоғамның тынысы кең болары анық.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()